28 июня 2019, 04:05 | 785 просмотров
Тамақпен организм қажетті заттар мен өсуге керекті пластикалық материалдарды қабылдайды. Баланы рациональды тамақтандыру оның дұрыс дене құрылысын, психикалық дамуын, ауруларға жақсы қалыптасуын қамтамасыз етеді.
1 жасқа дейінгі балалардың тамақтандырудың 3 түрі бар: табиғи, аралас және қолдан тамақтандыру.
Табиғи тамақтандыру дегеніміз – 5 айға дейін баланы тек ана сүтімен қоректендіріп, оған 1 айында шырындар, 5 айында қосымша тамақ беру.
Табиғи тамақтандырудың келесі артықшылықтары бар:
Ананың сүті таза. Әрдайым жылы. Ана сүтінде гормондар мен имунды денелер бар. Эмоциональдық фактор-кіндік кесілгеннен кейін бала мен ана арасындағы байланыс емшектің сүті арқылы сақталады.
Босанғаннан кейін бірінші күндері емшектен уыз шығады. Ол кою кілегей сарғыш сұйық зат. Уызда ақуыздар сүтпен салыстырғанда 4 есе, тұздар 2 есе көп, витаминдер, имундық денелерде көп. Уыздын құрамы баланың тканьдеріне жақын, сондықтан қорытылмай-ақ сіңеді. 4-5 күннен өтпелі сүт, екінші аптадан бастап сүт шығады.
Баланы тамақтандыру режимі:
5 айға дейінгі баланы тәулігіне 6 – 8 рет тамақтандыру керек.
5 айдан бастап 5 рет тамақтандыру.
1-1,5 жастан бастап 4 рет тамақтандыруға көшіру.
5 айынан балаға 2 тамшыдан 1 шай қасыққа дейін алма, алмұрт, сәбіз шырындарын беру, 2 аптадан соң жеміс пюрелерін беру керек.
6 айынан бастап 1-ші қосымша тамақ – көкөніс пюрелері(картоп, асқабақ және т.б.) ірімшік, жұмыртқаның сарысы тағайындалады.
6-7 айынан 2-ші қосымша тамақ – ботқалар (жарма, күріш, сұлы т.б.) беріледі.
7,5-8 айынан 3-ші қосымша тамақ – айран беріледі.
9-10 айынан ет сорпасы, фрикаделькалар беруге болады.
11-12 айында еттен котлета беру керек.
Қосымша тамақты енгізу ережелері.
Анасының сүті жетіп тұрса да 4,5-5 айлық баланың тамағын түрлендіріп, диетасын кеңейту үшін оған қосымша тамақ тағайындалады. Қосымша тамақпен бала ақуыз, майлар, қант, минералды тұздар алады.
Емшекпен емізуге болмайтын жағдайлар:
Бұл жағдайларда балаға анасының сүтін сауып беруге болады, немесе донорлық сүт беріледі.
Аралас тамақтандыру.
Сүт қоспалары бейімделген және бейімделмеген қоспалар болып бөлінеді. Бейімделген қоспалардың құрамы «ана сүтіне ұқсас» . Оларға «Малютка», «Малыш», «Детолакт», «Витолакт» және т.б. жатады. Бейімделмеген қоспалар қарапайым және қышқыл болып бөлінеді. Қарапайым қоспаларға сиырдың сүті, «Крепыш», «Здоровье», ал қышқыл қоспаларға – айран, биолакт, «Балдырған» жатады.
Үстеме тамақты беру ережелері.
Үстем тамақ бақылаудан өтіп, сүт кухнясында санитарлық-гигиеналық режим қатаң сақталуы қажет.
Ә.Еркінқызы,
Санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талап-тарының сақталуын бақылау бөлімінің жеткші маманы.