Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Төрт жұмысшының өлімі: «Астана Су Арнасының» лауазымды басшылары тұтқындалды


14 июня 2019, 03:30 | 1 100 просмотров



НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төрт кісінің өліміне әкеп соққан оқыс оқиғаға қатысты мекеменің лауазымды тұлғалары кеше елорданың уақытша оқшаулағышына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғазиз Нұрқаевтың айтуынша, 23 мамырда сағат 16.00-де елордада «Астана Су Арнасы» мекемесінің сорғылық станциясы кәрізінің резервуарында демонтаждау жұмысын атқару кезінде төрт жұмысшы көз жұмған. Біреуі медициналық мекемеге жеткізілген. «Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті 23 мамырда екі немесе одан да көп адамгның қайтыс болуына әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу барысында бірқатар сараптама мен арнайы тексеру жұмыстары жүргізілді. Куәгерлерден жауап алынды. Тергеу амалдарын жүргізу барысында «Астана Су Арнасы» мекемесінің лауазымды тұлғаларының кінәсі анықталды.  Осы жылдың 13 маусымында аталған факті бойынша Полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына «Астана Су Арнасы» мекемесінің екі жетекшісі В. және М. қамалды», - деп хабарлады Ғазиз Нұрқаев.

Автор:
https://www.inform.kz