24 мая 2019, 04:09 | 1 039 просмотров
Ішектің қабыну аурулары (ІҚА) бойынша Үшінші Ұлттық Форум медицина қызметкерлері және пациенттердің қатысуымен Дүниежүзілік ІҚА күні қарсаңында Алматыда өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «Ішек ауруларын зерттеу жөніндегі қазақ ғылыми қоғамы» ҚҚ, «ІҚА ауыратын тұлғаларға көмек көрсету және қолдау қоры» ҚҚ. Форум емдеудің аса тиімді нәтижелері мен өмір сүру сапасын мейлінше жақсарту үшін медицина қауымдастығының Крон және ойық жаралы колит ауруларымен ауыратын пациенттермен өзара әрекеттесуін нығайтуға арналған диалогтық алаң болды.
Форумның өзектілігі Қазақстандағы ІҚА дамуының қауіпті беталасын: науқастардың орташа жасы 30 жас, пациенттердің үштен бір бөлігі мүгедек, ал олардың ішінде өлім көрсеткіші жалпы халыққа қарағанда 40%-дан артық санын құрайтындығын көрсетеді.
– Қазіргі таңда Қазақстанда ОК анықталған диагнозымен тіркелген пациенттердің саны 100000 тұрғынға шаққанда 36,7, ал КА – 7,4 құрайды. Бұл тек бір көргенде қарқыны аса қауіпті емес секілді болады. Олар күрделі асқынулармен өсіп келеді, көбіне мүгедектілікке, тіпті өлімге әкеп отыр. Осының барлығы тиімсіз «жылдам» тамақтану, темекі шегу, халық арасында антибиотиктерді бақылаусыз қолданудың салдарынан, – деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ гастроэнтерология және гепатология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Александр Нерсесов.
– Біздің пациенттер мұқтаж болып отырған диагностикалау мен емдеудің жаңа тәртіптеріне, заманауи әдістеріне қолжетімділікті арттыру аса қажет. Жылдың басында және соңында тендерлік сатып алуларды дұрыс жоспарламаудың салдарынан болатын дәрімен қамтамасыз етудегі іркілістер қауіп туғызады, – деді «ІҚА бар тұлғаларға көмек көрсету және қолдау» қоғамдық қорының төрағасы Ербол Әміржанов.
Форумда белгілі дәрігерлер, олардың ішінде гастроэнтерологтар, нутрициологтар, психологтар пациенттерді дұрыс тамақтану қағидаларына, психологиялық күйді жеңілдету техникаларына, кәсіби және әлеуметтік бейімделуге үйретті. Онлайн режимінде, Фейсбук және Инстаграм әлеуметтік желілерінде мамандардың түсіндіру жұмыстары және де кері байланыс жүргізуі арқылы тура трансляция жасау осы ақпараттың мейлінше қолжетімді болуына мүмкіндік берді. Форум спикерлерінің ішінде – Алматы қаласы қоғамдық денсаулықты сақтау Басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ гастроэнтерология және гепатология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Александр Нерсесов, «Ішек ауруларын зерттеу жөніндегі қазақ ғылыми қоғамы» ҚҚ төрайымы, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Жәмилә Қайбұллаева, «ІҚА ауыратын тұлғаларға көмек көрсету және қолдау» ҚҚ төрағасы Ербол Әміржанов және басқалар бар.
Форумға еркін ерік елшілері – селебриттер: Шико, Рафаэль, Яна Бобрыка, Диас Азимжан және басқалар қолдау көрсетті.
Ескере кететін жай, енді 35 елдің пациенттер ұйымының бастамасы бойынша 19 мамыр - Дүниежүзілік ІҚА күні болып аталады. Бұл күннің ресми түсі – күлгін. Атаулы күні әлемде осындай ауыр сырқатпен өмір сүріп отырған бес миллион адамды қолдау акциясы өтеді. Акцияның мақсаты – қоғамды ІҚА бар пациенттерді уақытылы диагностикалау, дұрыс емдеу және өмір сүру сапасын жақсарту проблемасына көңіл аударту.
Ал 19 мамырда Дүниежүзілік ІҚА күнінің құрметіне Нұр-Сұлтан қ. Хан-Шатыр сауда ойын-сауық орталығының ғимаратына күлгін түсті жарық түсірілді. ІҚА ауыратын пациенттерге тілектестік белгісі ретінде 18-19 мамырда Қазақстан Премьер-лиганың 240 футболшысы күлгін түсті байлауышпен алаңға шықты.
Марина МАКСИМОВА
Алматы қаласы