Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БІЛУ МАҢЫЗДЫ! СЭС тексерулері. Қандай жағдайларда және тексерулерден кім босатылады?


23 мая 2019, 11:21 | 1 184 просмотра


Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары адал тексерілетін субъектілерді (объектілерді) көтермелеу қағидатын іске асыру мақсатында оларды ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізуден босатуға мүмкіндік беретін өлшемшарттар әзірледі.

Бұл өлшемшарттар "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 463 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 285 бірлескен бұйрығында белгіленген. (құқықтық актіге сілтеме http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700015512 )

Тексерілетін субъект (объект) мынадай негіздер бойынша ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізуден босатылады, егер:

1) тексеру қорытындысы бойынша өрескел бұзушылықтар анықталмаған және елеулі және елеусіз бұзушылықтардың жалпы жиынтық есептік көрсеткіші 0-ден 60 баллға дейін құраса, қызмет түріне байланысты 6 айдан 12 айға дейін;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарды елеусіз және елеулі бұзушылықтары бар тексерілетін субъект (объект) анықталған бұзушылықтарды жою туралы бұрын берілген ұйғарымның барлық талаптарын толық орындаған кезде, қызмет түріне байланысты 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге босатылады;

3) субъектіде (объектіде) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізілген және сәйкестік туралы қорытындыларымен аудиторлық есеп берілген болса, онда субъект (объект) қызмет түріне байланысты 12 айдан 18 айға дейінгі мерзімге босатылады.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) тексерулер (шағымдарды қараудан басқа) жүргізуге тыйым салынады.

Бұл өзгерістер адал субъектілерді көтермелеуге және тексерістерді бұзушыларға шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 425-бабы бойынша айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылғанын еске салып өту керек.

- жеке тұлғаларға - 75,750 теңге мөлшерінде;

- лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 580,750 теңге мөлшерінде;

– орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 782,750 теңге мөлшерінде;

– ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 4,040,000 теңге мөлшерінде.

Егер іс – әрекет (әрекетсіздік) адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқса және қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, – жеке тұлғаларға – 505,000 теңге, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 1,161,500 теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-1,565,500 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-5,050,000 теңге айыппұл салынады, қызметін тоқтата тұрып не онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз.

 

Автор:
Е. Сыдыманов, Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы.