Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Халықты ақпараттандыру – аурудың алдын алу


23 мая 2019, 17:06 | 58 просмотров



ЖИТС індетінен қайтыс болғандарды еске алудың биылғы ұраны осындай. Әлемде емі жоқ осы бір қауіпті аурудан көз жұмғандар саны 40 миллионға жуықтады. Сондай-ақ, ЮНЭЙДС бағалауы бойынша 2019 жылы жер шарында адам иммунтапшылығы вирусын жұқтырған 40 миллионға жуық адам өмір сүріп жатыр.

Ал Алматы облысында АИТВ жұқпасын жұқтырған 3228 адам тіркеуде тұр.  Жыл басынан бері 100 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда биыл 31 оқиғаға артқан.

АИТВ жұқпасы оқиғаларының өсуі облыстың келесі аудандарында тіркелді: Іле 13 оқиға, Талдықорған қаласы және Талғар ауданында 7 оқиға, Қарасай ауданында 5 оқиға (оның ішінде Қарасай және Талғар аудандарында – 14 жасқа дейінгі 2 бала), Жамбыл ауданында - 3 бала (оның ішінде Қарасай және Талғар аудандарында 14 жасқа дейінгі 2 бала). Қаратал, Еңбекшіқазақ және басқа да облыстардың тұрғындары 1 адамға.

Өткен жылмен салыстырғанда АИТВ жұқпасы Ақсу, Балқаш, Ескелді, Панфилов аудандары және Текелі қаласында төмендегені байқалды. Мұның өзі тұрғындар арасында үздіксіз жүріп жататын ақпараттық-сауықтыру жұмыстарының арқасы болар.

Шынында, бұл аурудың алдын алуда ең тиімді жол мен қолжетімді тәсіл – халықты ақпараттандыру. Осыған орай, Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Талдықорған қаласындағы «Шаған» және «Евразия» сауда үйлерінде сатушылар мен келушілерге арнап АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша әрі

ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алудың Дүниежүзілік күніне орай арнайы іс-шара өткізді.

Алматы облыстық ЖИТС орталығы Талдықорған филиалының мамандары Дархан Серікболатов пен Илияс Баймолданов сатушылар мен сатып алушыларға Халықаралық күннің мәні туралы түсіндірді, Алматы облысының эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ-жұқпасының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтты. АИТВ-мен өмір сүретін жандарға деген кемсітушілік пен  стигма жасаудан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ көпшіліктің сұрақтарына жауап бере отырып, мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру кепілдіктерін де тілге тиек етті.  

Әр адамға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Автор:
И.Баймолданов, Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы