Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жүрекпен үн қат» атты қайырымдылық концерті өтеді


17 мая 2019, 12:07 | 445 просмотров



17 мамыр күні қоғамдық белсенділер, медицина қызметкерлері, әртістер мен жанашыр алматылықтар АИТВ-мен өмір сүретін балаларды қолдау мақсатында «Жүрекпен үн қат» атты қайырымдылық концертіне қатысады.

Концерт екі айтулы күн – Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні мен Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өтеді. Белгілі болғандай, ЖИТС әлемдегі миллиондаған адамның өмірін қиған.

Алғаш рет Халықаралық еске алу күні 1983 жылы Сан-Франциско қаласында атап өтілді. Содан бері миллиондаған адам өзінің жақындарын, туған-туыстарын, достарын, ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алады. Бұл күні адамдар барлық елдерде АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен ынтымақтастық танытады. Олардың арасында, өкінішке орай, ерекше назар мен көмекті қажет ететін балалар да бар. Біздің елімізде АИТВ бар барлық балалар вирусқа қарсы препараттарды тегін алады.

Қайырымдылық концертінің ұйымдастырушылар: Қоғамдық денсаулық басқармасы, Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, «ЭФЬЮ Казахстан», «Реванш», «Сау Болашақ» қоғамдық қорлары түскен қаражатты 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында АИТВ-мен ауыратын балаларға сыйлықтар сатып алуға жұмсауды жоспарлап отыр.

Концертте қазақстандық эстрада және журналистика саласының жұлдыздары өнер көрсетеді. Іс-шара аясында қайырымдылық аукционы өтеді, онда белгілі суретшілер, әртістер мен спортшылар жеке заттарын сатуға шығарады.

Өтетін уақыты мен орны: 17 мамыр, 16.00, Алматы қ., Абай даңғылы, 107,Әуезов театры, кіші зал.

Билеттерді мына мекен-жай бойынша сатып алуға болады: Алматы қ., Панфилов к-сі,98, «ЭФЬЮ Казахстан» Қоғамдық Қоры, телефон: +7 701 453 2729.

 

 

Автор:
Марина МАКСИМОВА, Алматы қалалық ЖИТС орталығының баспасөз қызметі.