Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: ЗДОРОВЬЕ

Мамырдың үшінші жексенбісі – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні


17 мая 2019, 11:34 | 131 просмотр



Дүние жүзі ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күнін отыз жылдан аса уақыттан бері атап өтіп келеді. Биылғы еске алу күнінің ұраны – «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!». Бұл күні адамдар өздерінің ЖИТС-тан қайтыс болған туған-туыстарын, жақын адамдарын, таныстарын еске алады. 2019 жылы бұл күн мамырдың 19-на келіп тұр.

Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнін өткізу мақсаты – АИТВ/ЖИТС-тың таралуы, АИТВ жұқпасы бар тұлғаларды әлеуметтік қолдау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару болып табылады.  

Алғаш рет еске алу күні 1983 жылы америкалық Сан-Франциско қаласында ЖИТС мәселесімен бетпе-бет келген және терең ойланған адамдар тобымен ұйымдастырылды. Бірнеше жылдан кейін осы ауруға қарсы қозғалыс символы пайда болды. Бұл өмірден өткен көптеген адамдарды еске алу туралы киімге тағылатын қызыл лента, сондай-ақ түрлі түсті маталар – матаның қиықтарынан тігілген квилттер болды. Қазіргі уақытта Бүкіләлемдік ЖИТС-тен зардап шеккендерді еске алу күнін ұйымдастырған акция белсенділері мен қарапайым қатысушылар өз өңірлеріне қызыл лента түйрейді.

ЮНЭЙДС бағалауы бойынша 2019 жылы жер шарында адам иммунтапшылығы вирусын жұқтырған 40 миллионға жуық адам өмір сүріп жатыр.

31.03.2019 ж. өсу қорытындысымен Алматы облысында АИТВ жұқпасының 3228 оқиғасы тіркелді. Жыл басынан бері 100 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда  биыл 31 оқиғаға артқан.

АИТВ жұқпасы оқиғаларының өсуі облыстың келесі аудандарында тіркелді: Іле 13 оқиға, Талдықорған қаласы және Талғар ауданында 7 оқиға, Қарасай ауданында 5 оқиға (оның ішінде Қарасай және Талғар аудандарында – 14 жасқа дейінгі 2 бала), Жамбыл ауданында - 3 бала (оның ішінде Қарасай және Талғар аудандарында 14 жасқа дейінгі 2 бала). Қаратал, Еңбекшіқазақ және басқа да облыстардың тұрғындары 1 адамға.

2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда АИТВ жұқпасы Ақсу, Балқаш, Ескелді, Панфилов аудандары және Текелі қаласында төмендегені байқалды.

Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күні шеңберінде халық арасында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға төзімділікпен қарауды ұсынады. Тұрғындарды АИТВ-ға тестілеуге шақыруға ерекше назар аудару қажет.

 

Айгерім СҰЛТАНОВА,

Эпидемиология және алдын алу бөлімі меңгерушісінің м.а.

Алматы облыстық ЖИТС орталығы

Автор:
Айгерім СҰЛТАНОВА,