Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Пикниктегі қауіпсіз шаралар!»


17 мая 2019, 05:31 | 688 просмотров


Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Қазақстандықтарды мамыр айының мейрамдарымен құттықтай отырып, табиғатта демалуды дұрыс жоспарлауға және өткізуге шақырады. Демалыс шынымен жақсы болу үшін бірнеше маңызды сәттерді ескеру қажет. Азық-түлік өнімдерін тұрақты сауда кәсіпорындарында сатып алу, белгіленбеген сауда орындарында, шығу тегі белгісіз жерлерде, ілеспе құжаттарсыз азық-түлік сатып алудан бас тарту қажет. Кәуап пісіруге арналған еттің сапасын мұқият тексеру керек. Мерекелік дүрлікпе кезінде жауапсыз сатушылар сауда сөрелерінде жатып қалған етті өткізуге тырысуы мүмкін. Ет ылғалды, бірақ  одан қышқыл иістің болмауы керек, ал саусақпен басқанда ол серпімді болуы тиіс. Кәуапқа еттің майсыз сорттарын таңдаған жөн және зарарсыздандыру қасиеттері бар қызыл және қара бұрыш, шафран, тимьян, куркума, қыша сияқты дәмдеуіштермен, кәуап қауіпсіздігін арттыру үшін етке сеуіп, сіңіріңіз.

Егер таңдауыңызды маринадталған етті алуға болса, онда оның дайындалған және жарамдылық мерзімін сұрастыру қажет. Егер кәуап пластик шелекшелерде сатылса, қақпағы сәл бүгілгені, бірақта еш жағдайда оның қампаюы (бомбаж) болмауына назар аудару керек. Маринадталған етті сату мерзімі маринадтың түріне байланысты ерекшеленеді. Сірке суы-лимон тұздығы етті үш күн бойы сақтауға мүмкіндік берсе, ал майонез-кілегей немесе айран тұздықтары аз уақыт аралығында қолданылуды талап етеді. Кәуапты тікелей қолданар алдында отқа қақтап пісірген жөн.

Азық-түлікті тоңазытқыш-сөмкелерде тасымалдауға және сақтауды ескерген жөн. Тез бұзылатын сүт өнімдерін, ысталған өнімдерді, жұмыртқаны және кремі бар кондитерлік өнімдерді пикникке алудың қажеті жоқ.

Жеке гигиена ережелерін сақтау ұмытпай, тамақты пластикалық контейнерлерде жауып жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау жөн. Көкөністер мен жемістерді үйде алдын ала жуып, таза ыдысқа салыңыз.

Осы қарапайым нұсқауларды басшылыққа ала отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпті жұқпалы аурулардан қауіпсіздендіре және мамыр мерекелерін тек қана денсаулыққа пайдалы өткізе аласыз!

 

Г. Каткенова, Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бөлім басшысы.

Автор:
Г. Каткенова, Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бөлім басшысы.