Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Күйдіргі (Сибирская язва)- алдын алу


17 мая 2019, 05:27 | 454 просмотра



Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Қазақстан Республикада күйдіргінің эпидемиологиялық ахуалы  күрделі. Күйдіргінің табиғи ошақтық жұқпа болғандықтан елімізде аурудың бұрқ ету жағдайлары жыл сайын тіркелуде.

Ағымдағы жылдың шілде мен қыркүйек аралығында республикада «Күйдіргінің» 8 жағдайлары Шымкент қаласында (2), Түркістан (5) және Шығыс-Қазақстан (1) облыстарында тіркеліп, оның 1 өліммен аяқталған (ШҚО).

Күйдіргі зооноозды аса қауіпті  инфекция, оның қоздырғышы қоршаған ортаға түскенде спораға айналу қасиеті бар. Споралар сыртқы ортада өте төзімді, мысалы топырақта ондаған жылдар бойы сақталады, сол себепті күйдіргі ауруын  толығымен жою қиынға түсуде.

Күйдіргі – малдан адамға жұ­ғатын аса қауіпті жұқпалы ауру­лардың бірі. Бұл ауру қазіргі уақытта барлық елдерде жануарлар арасында, сондай-ақ адамдарда да кездеседі.

Адамдар ауру малмен тікелей қатынаста болған кезде яғни малды сойғанда, терісін сыпырғанда және ондай малды тасымалдау кезінде, ауруды жұқтырады  және де  ауру малдың айналасындағы топырақтан, жем, шөптен, жұғуы  мүмкін.

Күйдіргінің адам ағзасында таралуына байланысты терілік түрі, өкпелік түрі, ішектік түрі және септикалық түрі болып бөлінеді. Өкпе және ішек күйдіргісі ауыр өтеді және  адам өліміне әкелуі мүмкін, оның қауіптілігі де осы түрлеріне байланысты.

Инкубациялық кезең (қоздырғыш енген сәттен, алғашқы ауру бегісі білінетін мерзім) 8-14 күнге дейін созылуы мүмкін, көбінесе 2-3 күнде ауру белгілері біліне бастайды. Тіркелген аурулардың өте жиі кездесетін түрі бұл, тері күйдіргісі. Қоздырғыштың жұққан жерінде күйдіргі ауруына тән жара пайда болады. Инфекция жұққан жерде алдымен дақ (папула), содан кейін іші сұйыққа толы бөртпе (везикула) пайда болады. Содан ол жараға айналып, айналасына екінші қатар іші сұйыққа тола бөртпе пайда болады. Бұны осы инфекцияға тән «Ожерелье» деп атайды. Жараның ортасы қара күйік тәрізді қотырланып шеттері қызарып,  іседі, бірақ басқан кезде ауырмайды. Бұл белгілердің пайда болуы мен қатар, ауырған адамның  дене қызуы көтеріледі, ағзаның жалпы улану белгілі байқалады. Тез арада ем қабылдамаған жағдайда арты сепсиске айналып қайғылы аяқталуы мүмкін.

Күйдіргіңің алдын алуда жұмыстарын ұйымдастыру барысында ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың толығымен жүргізілуін қамтамасыз ету қажет. Ветеринарлық қызметкерлер, күйдіргі ауруымен ауырған малдарды дер кезінде анықтап, өлген малдың арнайы мал қорымына көмілуін,  ауырған малдың тұрған жерін залалсыздандыру жұмыстарының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етуі қажет.

Індеттің  табиғи ошақтарындағы малдарға жылда вакцина егу қажет және арнайы мал қорымдары ветеринарлық-санитарлық ережелер талаптарына сай болуы керек.

Күйдіргімен ауырған малдар тіркелген жағдайда, ошақта барлық құзырлы мекемелер кешенді түрде шұғыл эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асырады, яғни ауру малдың өнімдері толығымен жойылады, ошақта қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Ауырған малмен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынады. 

    Мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар өздерінің жеке-бас гигиенасын сақтап, арнайы жұмыс киімін киетін болса және ауырған  немесе белгісіз себеппен өлген мал туралы міндетті түрде мал дәрігерлеріне уақытылы хабарлап отырса аурудың алдын алуға болады.

         Әрбір адамның деңсаулығы өз қолында. 

 

    Е.Асимкулов,  «Талдықорған қалалық қоғамдық     денсаулық сақтау басқармасы» РММ    басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы    «Тазалық» БПҰ мүшесі .

                                             

 

Автор:
Е.Асимкулов