Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Халықаралық отбасы күні ата өтілді»


17 мая 2019, 05:22 | 1 723 просмотра



ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2019 жылғы 19 сәуірдегі  №19-32-52,166 хатына  сәйкес Қарасай  аудандық  орталық  ауруханасы 15 мамыр –Халықаралық отбасы күніні мерекелеуде.

   Отбасының  қоғамда алатын орны ерекше. Ана мен бала денсаулығын  сақтау, болашақ ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беру ,баланың   болашақта елге  пайдасы тиетін азамат  болуы үшін  отбасында алған өнегенің   ролі маңызды. Осыған орай ақхалатты абзал жандар емханаға келушілерге  мүмкіндігінше отбасылық құндылықтарда нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізуге  тырысады.

Сауле Малгараева  бастаған аурухананың кәсіподақ ұйымымен  мерекелік  шаралардың  бірнешеуі жоспарланған болатын. Соның бірі, перзентханамызда егіз ұлды  мереке күні дүниеге әкелген  көп балалы ана  Акжан Кожағыметованы  және  Халықаралық отбасы күні бірініші болып  тұңғышын дүниеге әкелген Айжан Байгунурованы құттықтап, бағалы  сыйлықтар  мен  жас аналарға  отбасында  сәбиге күтім жасау туралы  «Қуан сәби»  брошюрасын сыйға берді.

 Сонымен қатар отбасын жоспарлау  және  дені сау сәби кабинеттерінде  жас аналар  мен болашақ  аналар үшін денсаулық сабақтары ұйымдастырылды. Аурухана психологы   Ұлбике Зуфтарова  мен акушерка  Жамиля Бейсенбаева ана болуға дайындалып  жүрген  кыз-келіншектермен  кездесу   өткізілді. Бұл кездесулерде жүктілік кезінде ағзадағы   болатын өзгерістер,  дұрыс тамақтану қағидалары, жас  ананың еңбек және демалу режимдері,босануға дайындық  т.б. тақырыптарда пайдалы кеңес берілді.

      Аудандық  емханада  «Ашық есік күні» акциясы жарияланып, ересектер мен балаларға психолог кеңесі, невропатолог кеңесі, қан қысымын анықтау,  Кетле индексін анықтап беру  сияқты бірқатар медициналық көмек түрі  ұсынылды.

   Сонымен қатар келушілердің  барлығына  салауатты өмір салтын  қалыптастыруды насихаттау  бойынша ақпараттық-түсіндіру құралдары  тарқатылды.

«Халықаралық отбасы күнін» мерекелеу аясында келушілер мен емделушілер тарапынан аурухана ұжымына көптеген алғыстар айтылды.

Автор:
Дана Тапждинова, дәрігер-валеолг.