17 мая 2019, 04:31 | 15 187 просмотров
Жас қыздардың ішінде ненің халал,ненің харам екенін,оның зардап,зиянын түсінбей жақсы көрген жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп,кәмілетттік жасқа толмай екіқабат болып қалатындар да көп. Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ертежүктілік деп саналады.
Ерте жүкті болудың зияны? Қыз балалардың дене мүшелері 18жасқа дейін қалыптасып өседі.Ағза толық жетілмеген кезде жыныстық қатынасқа түсу де,жүкті болып қалып, босануы да өте ауыр болады,денсаулығына зиян келтіреді.Ерте жүкті болып қалған қыздарда жиі кездесетін аурулар:аяқтың күп болып ісуі,қан қысымының көтерілуі,ашуланғыштық,жүйке күйзелісі,ұйқысыздық.Осындай жағдайда операция (ота)жасатып,баласын алдырып тастайтын болса,денсаулығы күрт нашарлайды,енді қайтып бала көтере алмай,бедеу болып қалуы әбден мүмкін. Кез-келген қыз бала ерте жүкті болып қалғанында әлі әйел болып қалыптасып үлгермегендіктен,психологиялық дағдарысқа ұшырайды.Жасөспірім қыз күнәсіне қысылып,әке-шешесінің,туған-туыстарының қас-қабағына қарап,жабырқап жасиды,қайғыға батады,қорланып қысылады.Елдің көзіне түсуден қашады,тасада тығылып өмір сүреді.Жүктілігі енді біліне бастағанда оны жасыру үшін белдік,орамал,белбеумен қатты тартып тастайды да,іштегі баланың толық жетіліп,дамуына зиян тигізеді. Оған қоса қоршаған орта, телефон,компютор, тамақтануымыз,қозғалысымыз т.б әсері.Содан туған бала әлжуас, қан аз, түрлі кемістіктермен туылуы болуы мүмкін. Ерте жүктілік немен қауіпті?
Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры,
эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені.Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар?
Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі –проблемадан сақтану.
Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп,өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.Балаларымызға ұл мен қыз баланың жыныс мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық фукциясының ерекшеліктерін ерте жастан түсіндіре беру қажет. Отбасында әкесі ұлына,шешесі қызына жыныстық қатынасты ерте бастаудың неге әкелетінін түсіндіру,сонымен қатар үлкендер жыныстық қатынасқа түсуін жасөспірімдерге көрсетпеуі қажет(бұл жыныстық қатынасқа ерте түсуіне себепші болады). Контрацепция мәселесіне келетін болсақ,онда жасөспірім қыздарға жүктіліктен және жыныс жолдарымен берілетін аурулардан сақтану әдістерін мұқият түсіндірген жөн. Жасөспірім қыздар алғаш рет қандай жағдайда жыныстық қатынасқа түседі,оған не себеп болады-деген сауалға дәрігерлер мен психологтар,құқық қорғаушылар мынандай жауаптар қайтарады.Жасөспірімдердің алғашқы жыныстық қатынасқа түсуіне олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері де,отбасындағы,мектептегі тәрбиесінің нашарлығы да,өмір сүретін өңірі,ортасындағы жағдайы,өзінің жыныстық қатынасқа ерте құмартқан белсенділігі,теледидар,ғаламторларды жиі көруі де себеп болады. Нақты дерктер бойынша,Ресейде жасөспірім қыздар бірінші рет жыныстық қатынасқа орташа алғанда 16 жаста түссе,Америкада және Еуропада жасөспірім қыздардың жыныстық қатынасы 12-13 жастан бастайтыны анықталып отыр.Ең өкініштісі,қай елде де жасөспірім қыздардың алғашқы жыныстық қатынасқа түсуі жүктіліктен сақтанусыз өтеді екен.Сол себепті жүктілік жасөспірім қыздар арасында жүкті әйелдердің жалпы санының1,5 пайызын құрайтын болып шықты. Еркекпен ерте жақындасудың зардабы да,салдары да көп.Ойда жоқта жүкті болып қалу жас қыздардың денсаулықтарын құртады.Көптеген жағдайларда өмірлеріне қатты нұқсан келтіреді.Қазір бедеуліктің 16 пайызы,тұңғыш біткен баланы алдырып тастау себепкер.Осы жөнінде мектептерде 15-18 жас аралығында жасөспірімдер арасында жүктіліктен сақтану,ерте жыныстық қатынасқа түсудің зардаптары жөнінде денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері баяндама,дәріс сабақтар оқып тұрады.Санитарлық-ағарту жұмыстары да жүргізіледі. Отбасындағы жасөспірімдер арасындағы психологиялық-эмоциялық атмосфера және отбасылық мәселелерді бірігіп шешу маңызды.