Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

СІЗДІҢ ДАСТАРХАНЫҢЫЗДА ТҰРҒАН ТАҒАМНЫҢ ТАБИҒИ ТАЗАЛЫҒЫНА СЕНІМДІСІЗ БЕ?


17 сентября 2009, 20:30 | 6 295 просмотров


Қазіргі уақытта гендік инженерия ұшқыр дамып келе жатыр және дүкен сөрелері мен дастарханымыздағы тамақ өнімдерінің көпшілігі генетикалық модификацияланған құрамдас бөліктерді пайдалану арқылы дайындалады. Солай бола тұрса да, генетикалық модификацияланған өнімдердің адам ағзасына тигізер әсері соңына дейін зерттеліп біткен жоқ және тиісінше, оны қолдану-қолданбауды әр ел өзінше шешу үстінде. Бүкіл әлем бойынша ГМО( генетикалық модификацияланған организмдер) туралы әртүрлі пікірлер айтылып, олардан алынған өнімдердің (ГМӨ– генетикалық модификацияланған өнімдер) адам денсаулығы мен сыртқы ортаға зиянды-зиянсыздығы туралы қызу айтыс жүріп жатыр. АҚШ-да мұндай өнімдер толық еркін түрде өндіріліп, пайдаланылса да, Еуропа бұл мәселеге аса сақтықпен қарайды. Ресей Федерациясында соңғы жылдары бұл мәселеге өте мұқият қарауда. Ресей ғалымдары тәжірибелердің бірінде егеуқұйрықтардың бірін кәдімгі, екеншісін трансгенді соямен қоректендірген. Нәтижесінде трансгенді соямен қоректенген егеуқұйрық ары қарай ұрпақ жалғастыра алмайтын әлсіз ұрпақты дүниеге әкелген.

Қазіргі уақытта біздің базарларымыз шетел тауарларына толы. Түріне қарасаңыз айтарлықтай тартымды. Алайда, олардың адам денсаулығына қалай әсер ететіні жөнінде еш нәрсе белгісіз. Оның үстіне өндірушілер жемістері бұзылмауы үшін алдын ала парафинмен және өзге де химикаттармен қаптайды. Генетикалық модификацияланған азық-түліктерді арнайы лабораториялық тексерусіз анықтау қиын. Түр түсі әдемі , кемшілігі жоқ жеміс пен көкөністерге мұқият болғандарыңыз жөн. Табиғи дүниелердің кемшіліктері болғаны заңдылық..

Өсімдіктерді генетикалық модификациялау өткен ғасырдың 80-і жылдарында АҚШ та басталды. 90-жылдардың басында американың егістік алқаптарында алғашқы трансгенді дақылдар пайда болып, өзінің бағасының арзан болуына, әртүрлі ауруларға төзімділігі және мол өнімділігіне байланысты ауыл шаруашылық өндірушілердің арасында кең өріс ашты. Соңғы 9 жыл ішінде трансгенді өсімдіктердің егістігі 40 есе көбейіп, қазір әлемде 70 миллион гектардан астам алқапқа себілуде. Жыл сайын ГМО дақылдарының егістік көлемі 8-10% -ға артып келеді. Оның басым бөлігі АҚШ пен Канадада өсіріледі. АҚШ, Канада, Румыния, Болгария, Испания, Аргентина, Бразилия, Уругвай, Индия, Австралия, Филиппин, Оңтүстік Африка, Жапония елдерінде 7 миллион фермер ГМО пайдаланады екен. Қытай трансгенді өсімдіктерді өсіру ауыл шаруашылығының басым бағыттарының бірі деп танып отыр. 2010 жылға таман Құрама Штаттарда өндірілетін барлық тағамдық өнімдер генетикалық модификацияланған компоненттерден тұрады деп болжанылуда. Сонымен, трансгенді өсімдіктерді жасау селекция мен өсімдік шаруашылығы саласындағы төңкеріс деп танылып отыр. Осы технологияны қолдану арқылы патогенді вирустарға, саңырауқұлақ және бактериялық инфекцияларға, зиянкес насекомдарға, суық пен құрғақшылыққа, сортаң топыраққа төзімді, А витамині көп және белогы сапалы болатын өсімдік сорттарын шығару мүмкін болып отыр. Сондай-ақ трансгенді өсімдіктер көптеген биологиялық активті өнімдерді, соның ішінде дәрі-дәрмектерді (мысалы, интерферон, инсулин), ауыр кеселдерге (мысалы В, С, А гепатиті және СПИД) қарсы жеуге жарайтын вакциндерді жасауға пайдаланылады деп күтілуде. Алайда, осындай нәтижелерге қарамастан ГМО-ның емін-еркін таралуы бұқара халықты алаңдатып отыр. Әсіресе, Еуропа елдерінде мазасыздану күшті. Кейбір мамандардың пікірінше ГМО– дан төнетін қауіп өте көп, оны алдын-ала болжап айту мүмкін емес, сондықтан осындай жұмыстарға тиым салу керек дейді. Оған себеп ауыл шаруашылық және тағамдық өнімдерді шығару ДНК-ға әсер ету деңгейінде жүзеге асады. Кейбір ғалымдар трансгенозды кеңінен қолдану эволюциялық жағдайды күрт өзгертіп, соның нәтижесінде биосферада жүзеге асатын эволюциялық процесстердің жылдамдығы мен бағыттары айтарлықтай өзгеруі мүмкін дегенді айтады.

Әзірге Қазақстанда бұл мәселе әлі жеткілікті көтеріле қойған жоқ. Оның себебі биотехнологияның бір саласы болып саналатын генетикалық инженерия ғылымының біздің елде әлі кенже қалуында болып отыр.

«Гендік өзгеріске ұшыраған өнім тұтынушыларға пайдалануға берердің алдында көптеген лабараториялық тексерістен өткізіледі. Адам денсаулығына зияны бар ма ,жоқ па? Барлығы да қаралады. Ондай тексерістер жүргізілмей генетикалық модификацияланған азық-түліктер тұтынушыларға жіберілмейді. Үлкен айналымға шығарылмайды. Ал құрамында генетикалық инженерияның көмегімен алынған ингредиенттері бар өнімдерді міндетті түрде таңбалау талап етіледі. Онда трансгенді заттардың бар екені немесе жоқ екені көрсетілуі тиіс. Осылайша, азаматтарға таңдау құқығы беріледі. Егер сіз базарға немесе дүкенге барсаңыз, ондайаңбаланған бірде-бір өнім таппайсыз..» дейді Алматы облыстық санитарлық эпидемиялогиялық мемлекеттік қадағалау департаменті азық түлік объектілеріне санитарлық гигиеналық қадағлау бөлімінің бастығы Гауһар Каткенова.

Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы заңның елімізде 2004-жылы қабылданғанҚазақстанда модификацияланған өнімдерді айқындайтын стандарттар жасалмаған. Ал қарапайым тұтынушылар не істеу керек. Генетикалық модификацияланған тамақ өнімдерін сатып алу керек па, жоқ па?

Әлемдік статистикаға сүйенсек соңғы 10 жылда асқазаны ауыратын адамдар саны Ресейде 5-6 есе , АҚШ пен Швецияда 3-5 есе күрт өскен. Ғалымдар бұны ГМӨ- ні пайдаланумен байланыстырады. Сонымен бірге ГМ азық-түліктерден аллергия да пайда болады.

Азық-түлiк аллергиясын әртүрлi өнiмдер шақыра алады, «бразилиялық жаңғақ» гені бар сояларды жасайды. Нәтижесінде пайда болған өсімдіктің құрамындағы белок күштi аллерген болып шықты.

Соя туралы....

Ғалымдар жасаған тәжірибелер нәтижесі генетикалық модификацияланған сояның сүтқоректілерге аса зиян екені дәлелденіп көрсетілді. Ядролық жарылыстан кейін де аман қалатын тышқан мен егеуқұйрықтарды генетикалық модификациланған азық пен қоректіндіру нәтежиеснде олардың дене пішіні мен мидың көлемі кішірейген, ұрғашылардың дүниеге ұрпақ әкелу мүмкіндігі азайған. Соя ұны әрбір нан өнімдерінің , шоколад пен кәмпиттердің кейбір түрлерінң құрамында кездеседі. Ірімшік , айран өнмдері соя майысыз жасалмайды. Тіпті соя майы балалар тамағында бар болып шықты. Қазақстанның тұтынушылары лигасының тұтынушылар тобының атынан дүниежүзіне танымал «Нестле» компаниясы Қазақстан аумағында заңмен тыйым салынған дүние - құрамында генетикалық модификацияланған организмдері бар балаларға арналған және емдеу-профилактикалық мақсаттағы азық-түлік өнімін сатып отырдеп сотқа шағым түсірген кездері де болған. Балаларға арналған тағамдардың кері әсерін көргендер көп. Мысалы, Израильде 3 сәби өліп, 17 адамның жүйке жүйесі сыр берген. Олар қолданған балалар тамағының құрамаында ГМ соя болған. Евроодақта сәбилерге арналған тамаққа бұрыннан тыйым салынған. Ал трансгендік сояның Отаны АҚШ та бұндай батыл қадамға әлі бара қойған жоқ.

Әр адамның ағзасы әр түрлі. Генетикалық модификацияланған азық-түлік біреуде аллергия тудырып,немесе өзгеде аурулар пайда болса, енді біреулерге мүлдем әсер етпеуі мүмкін. ГМӨ ні пайдалану пайдаланбау әркімнің өз еркі. Бірақ ең басты принципті ұмытпаған жөн болар. Біз өзімізді ғана емес, ертеңгі ұрпақты ойлайық!!!

Дерек пен дәйек

1998 жылы британдық галым Арпад Пустаи атақты телебағдарламалардың бірінде айтқан сөздері көпшілік арасында үлкен шу шығарған. Арпад Пустаи картопты түрлі зиянды жәндіктерден сақтау үшін жұмыс істеген. Осы мақсатта ол картоптың құрамына бәйшешек гені енгізіледі. Арпад Пустаи телебағдарламада осы картоппен қоректендірген тышқандардың организмінде түрлі аутқулар байқалады, ағзасындағы кейбір функциялардың жұмысы мен имунитет жұмысы нашарлайды. Пустаи трансгендік азық түліктің денсаулыққа пайдасынан қарағанда зияны көп екенін шешімге келеді.

Арпад Пустаиді теледидарға берген сұхбатынан 2 күн өткен онын істеген ісі нағыз ғалымға сай емес деген желеумен жұмыстан босатады. Оған тәжірибені дұрыс жүргізбеді және статистикалық мәліметіз жұмыс жасады деген айып тақты.

Автор:
Мадина Омарқұлова