Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Мен – Донормын!»


6 мая 2019, 10:20 | 584 просмотра



Отан қорғаушылар күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Көліктегі полиция Департаментінің «Өскемен-1 станциясындағы Желілік полиция бөлімінің» қызметкерлері (бұдан әрі - Өскемен-1 станциясындағы ЖПБ) «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-мен (бұдан әрі – ШҚ ОҚО) бірлесіп «Мен – Донормын!» атты ұранмен донор күнін ұйымдастырды.
Ерікті түрде қан тапсыру акциясына Өскемен-1 станциясындағы ЖПБ-нің 40-тан астам қызметкері қатысуға ниет білдірді, олардың ішінде Серебрянск және Шемонайха қалалары бөлімшелерінің қызметкерлері де бар. Донор күнінің барлық еріктілері үшін Өскемен-1 станциясындағы ЖПБ бастығы полиция полковнигі Темирлан Шаменұлы Букеев мерекелік үстел ұйымдастырды.
Бұл күні тексеру нәтижелері бойынша Өскемен-1 станциясындағы ЖПБ-нің 20 қызметкері қан тапсыруға жіберілді, олар жалпы алғанда 12 литр қан тапсырды. Стационарлық зертханада міндетті тексерілгеннен кейін дайындалған қан ШҚ ОҚО қан банкін толтырады және қажет болған жағдайда Өскемен қаласы мен облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына жіберіледі.
«Бүгін біз бірінші рет облыстық қан орталығын ынтымақтастыққа шақырдық және Донор күні сияқты іс-шараны ұйымдастыруда алғашқы тәжірибе алдық. Біз, полиция қызметкерлері ретінде, адам өмірін құтқарудағы донорлық қанның маңыздылығын білеміз және енді қан донорлығы сияқты асыл миссияны қолдауға әрқашан дайынбыз. Алдағы уақытта қан тапсыру бойынша осындай іс-шаралар жалғасады» - деді Өскемен-1 станциясындағы ЖПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Ерхат Кайноллаевич Шалқыбаев.
Ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсінгені және ынтымақтастығы үшін Өскемен-1 станциясындағы ЖПБ бастығы полиция полковнигі Темирлан Шаменұлы Букеевке ерекше алғысымызды білдіреміз. 
Қан тапсырған барлық донорларға өздеріне бейтаныс адамдардың өмірін құтқаруға ынтасы және көмектесуге тырысқаны үшін алғыс айтамыз!
Сіздерді келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз. Бізге сыйлаған ертеңгі күнге деген сенімділік пен жылылық үшін алғыс айтамыз. Сіздердің сергектіктеріңіз, оптимизміңіз және өмірге деген құштарлықтарыңыз бізді қуанта берсін!