Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тағы да жарақаттың алдын алу тақырыбында


3 мая 2019, 11:39 | 165 просмотров



            29 сәуір күні Қарасай  аудандық орталық  ауруханасы  салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері  Дана Таждинова  мен мейірбике Жұлдыз Алымжанова  Елтай ауылдық  округында  орналасқан Көкөзек  орта  мектебінде  мектеп оқушыларымен кездесті.

      Кездесуді өткізуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2019 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысы Атбасар ауданының Мариновка ауылында Мариновка қазақ орта мектебінің 8 – сынып оқушылары мектеп аумағынан 50 метр қашықтықта орналасқан Ирченко станциясындағы темір жол жағына жүгіріп шығып, олар жүк вагонына мінген, нәтижесінде бір оқушы электр тогына түсіп қаза болғанына байланысты жолдаған хаты себеп болды.

                   Осыған байланысты, медицина мамандары алдағы уақытта осындай оқиғаларға жол бермеу үшін темір жолдар өтетін Елтай ауылына балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру, теміржолға жақын жерде қауіпсіз болу мәселелері бойынша оқушылар арасында, оның ішінде 7-15жас аралығындағы балалар арасында  тем3р жолда болатын жарақаттанудың түрлері, алғашқы медициналық  көмек көрсету тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы барған болатын. Оқушылар слайдпен әзірленген бейне материалды көріп, денсаулықты сақтау мен  нығайту,қауіпсіздік шаралары, темір жолда жүру ережелері көптеген пайдалы кеңестер алды. Сұрақтарға  жауап берді,өз ойларымен бөлісті.

Түсіндіру жүмысы одан әрі осы  ауылда  орналасқан Бейсебаев мектебінде жалғасты.Іс-шарада 220 оқушы ақпаратпен қамтылды.

Дана Таждинова, ШЖҚ «Қарасай  аудандық орталық  ауруханасы» МҚК  дәрігер-валеологы

Автор:
Дана Таждинова, ШЖҚ «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» МҚК дәрігер-валеологы