Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»


3 мая 2019, 11:36 | 80 просмотров


     «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдер мен талаптарға сай медициналық көмек беретін  денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алу  және оларға ақы төлеуді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - бұл қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі.

Міндетті медициналық сақтандыру бойынша барлық ақшалай түсімдер Қордың Ұлттық Банктегі шотында сақталады.

         Денсаулық сақтау субьектілерінің арасынан Тегін медициналық көмектің Кепілдендірілген көлемінің қызметтерін жеткізушіні таңдау мен көлемдерін орналастыруды республикалық және аймақтық комиссия жүзеге асырады.

         Қазіргі таңда медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субьектілерінің мәліметтер базасында 107 денсаулық сақтау субьектілері бар,оның ішінде мемлекеттік 51(48%),жекеменшік 56(52%).

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

- Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік төлемдерді төлеушілерді біріктіру жүзеге асырылды: санаттар - жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіптік медиатор, жеке санаттағы тұлғалар - бір санатқа біріктірілген.

- Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалармен әлеуметтік аударымдарды төлеушілер санаты кеңейтілді.

- Ең төменгі жалақы мөлшерлемесінің 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап өсуіне байланысты әлеуметтік аударымдарды есептеудің максималды объектісі                     10 ЕТЖ-дан 7 ЕТЖ-ға дейін төмендетілді. 2019 жылдың  1 қаңтарынан бастап республикалық бюджет туралы заң: 1 ЕТЖ = 42500 теңге:

Мәселен, 2019 жылы әлеуметтік аударымдардың ең жоғарғы сомасы бір төлеушіден айына 3,5% * (7 * 42500 теңге) = 10413 теңгені құрайды.

Бір төлеушіден әлеуметтік есептеудің ең төменгі объектісі  1 ЕТЖ деңгейінде сақталған. Сәйкесінше, әлеуметтік аударымдардың ең аз сомасы 2019 жылы 3,5% * 42500 теңге = айына 1488 теңгені  құрайды.

- Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда және асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін анықтау кезінде пайдаланылатын орташа айлық табыстың ең төменгі жалақы мөлшерінен 80% -дан55% -ға дейін алу мөлшері төмендетілді.

- Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайында әлеуметтік төлемдердің ең көп мөлшері ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінен қырық пайыздан аспауға тиіс (2019 жылы: 40% * 297500 = айына 119000 теңге).

Заңның негізгі жаңалығы 2019 жылы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.

БЖТ  бейресми қызметті тіркеуге ғана емес, сонымен қатар міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысуға  мүмкіндік береді.

БЖТ  жеке тұлғалардың тұтыну үшін жеке қосалқы шаруашылық қызметінен алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын, қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға жұмыс, қызмет көрсететін табыстарды алу және (немесе) табыс табу мақсатында бейресми қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылады.

БЖТ төлеушілер үшін табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерге ең төменгі мөлшерлеме республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар тұрғындары үшін 1 АЕК (2019 жылы 2 525 теңге)  және басқа елді мекен  тұрғындары үшін  0,5 АЕК (2019 жылы 1 263 теңге) мөлшерінде белгіленген.

БЖТ төлеуші салықтық органдарына есеп бермейді.

БЖТ үлесі мынандай:

-10% -жеке табыс салығы;

-20%-мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар (МӘСҚ);

-30%-бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы (БЖЗҚ);

-40%-міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар (ӘМСҚ).

БЖТ келесі  мүмкіндіктер ұсынады:

Бірінші: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға және МСҚ енгізілгеннен кейін медициналық мекемелерді таңдауға және медициналық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Екінші: жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу және зейнет жасқа жеткен кезде жүйеге қатысу ұзақтығына байланысты базалық зейнетақыны  алу. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жинақталған зейнетақы қаражатын толтырудан басқа, БЖТ төлеушілерге олардың еңбек өтіліне тіркелетіндігіне байланысты базалық зейнетақы төлемін жоғарғы мөлшерде алу.

Үшінші: еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда, асыраушысынан айырылғанда, жүктілік және босануда, баланы  асырап алуында, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайларда    МӘСҚ-нан әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.

Атап айтқанда, егер жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, бірыңғай жинақталған төлемнің төлеушілеріне МӘСҚ-нан  төленетін әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері берілуі мүмкін.

 

 

Б.Н. Жакипбекова, Жанақұрлыс ДА  меңгерушісі  және СӨС кабинеті Жамбыл ауданы.

Автор:
Б.Н. Жакипбекова, Жанақұрлыс ДА меңгерушісі және СӨС кабинеті Жамбыл ауданы.