Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕКПЕНІҢ ЕШ ЗИЯНЫ ЖОҚ.


3 мая 2019, 05:32 | 549 просмотров


Аудан  бойынша,  2019 жылғы 1 сәуірден бастап  қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинация  басталды , Оған ағымдағы жылғы наурыз  айында 9 және 10 айлық жастағы балалар,  МСАК стационарларында және ұйымдарында 40 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері  - бұрын егілмеген, қызылшамен ауырмаған және 5 жылдан астам бұрын алынған 1 екпемен егілген 30 жасқа дейінгі байланыста болған адамдар , арасында жаппай иммундау жұмыстары жүргізілуде. Екпенің не екенін  қазіргі  ата – аналардың барлығы дерлік білсе де, дегенмен екпе жасатпас бұрын олардың көбінде күмән туғызбайтыны да жасырын емес.

Өйткені, қазіргі таңда балаларымызды екпе арқылы қорғап жүрген инфекциялармен бетпе – бет келген адамдар кемде кем. Осыдан 30-40 жыл бұрын ата – аналарды қызылша, полиомиелит (сал), дифтерия (құрөзек) қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп жатпайтын – ол кезде бұл аурудан көз жұмған балалар туралы мысалдарды көптен келтіруге болатын. Ал туберкулез және көкжөтелмен ауыратын балалардың жөтелі кез келген аулада естіліп жататын. Ата – аналар баласының таңертен қозғала алмай, аяқ астынан сал болып қалуынан қорқатын. Қазіргі уақытта мүгедектер арбасында отырған ересек адамдар арасында кезінде полиолимелитпен ауырған адамдарды кездестіруге болады.

Мысалы: бір – біріне ұқсас өте ауыр ағымда өтетін аурулардың біріне тоқтала кетсек. Сал, сіреспе, дифтериямен ауырған адамдарда – ауру қоздырғыштары нейротоксин бөліп шығаруы арқылы ауру өте ауыр жағдайда өтіп, адам өміріне қауіпті болады. Осы аталған аурулармен ауырған адамдарда ерекше токсинді бөліп шығарады – ол жүрек тамырлары мен орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Басқа инфекцияларға қарағанда осы жүрек бұлшық еттерінің, тыныс алу бұлшық еттерінің және диафрагманың, жұмсақ таңдай, бет бұлшық еттері, мойын, дене және аяқ-қол бұлшық еттерінің қатты сіресіп зақымдануынан (сондықтан сіреспе ауруы аталуы) тартылып қалуы мен салдануы сияқты өте ауыр өтетін жұқпалы аурулар. Бұл ауруларға уақытылы арнайы дәрігерлік көмек көрсетілмесе науқастан айырылып қалуымыз мүмкін. Вакцинациалаудың арқасында осы аурулардың кейбірі дүниежүзі бойынша түгелімен жойылса, мысалы, нағыз – шешек 1978 жылы әлем бойынша жойылды, ал оба, сал ауруы, қызылша, сіреспе, құрөзек, көкжетел аурулары қазіргі кезде біраз азайды. Содан болар, біз осы аурулардың қаншалықты ауыр өтетінін ұмытудамыз. Ал жас ата-аналар бұл инфекцияларды көрмек түгілі  тіпті естіген де жоқ. Сол себепті кейбір ата- аналарда ешқандай қауіп – қатер жоқ деген алдамшы пікірлер туындайды, бізге вакциналар қажетпе және олар қауіпсіз бе деген сұрақ туындайтыны сондықтан. Жыл сайын дүниежүзінде жұқпалы аурулардан мыңдаған адам көз жұмады және көбісі өмір бойы мүгедек болып қалады. Сондықтан, халықты және балаларды вакцинациялауды тоқтатуға болмайтынын түсініп, ескерген жөн. Тек қана алдын алу екпелерін жүргізудің арқасында балаларымызды инфекциялардың қауіп – қатерінен аман сақтауға қол жеткізіп отырмыз. Вакцинациялау тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне енгізілген. Қазақстанда халықты иммундауға байланысты барлық қаржы мәселесін шешуді мемлекет 1995 жылдан бастап өзіне жүктеген. Жыл сайын вакциналар Республикалық бюджет қаржысына сатып алынады. Бұл ретте кепілді сапасы бар, зертханалық тексеруден өткізілген және Қазақстан Республикасында тіркелген, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған вакцина сатып алынады. Біздің елімізде екпе жасау 50 жыл бойы сәтті жүргізіп келеді және ол аяғы ауыр түрде асқынулармен өтетін немесе аяқталатын, ең алдымен балаларды ауыр зақымдайтын ауруларға қарсы бағытталған. Қазіргі уақытта вакцинациялау – егу арқылы балалар мен халықты полиомиелитке, қызылшаға, қызамыққа, туа – біткен қызамыққа, құрөзекке, көкжетелге, туберкулезге, эпидемиялық паротитке, гемофильді инфекцияға, «В» және «А» гептиті мен тұмауға және тағы басқа жұқпалы аурулардан қорғанудың ең сенімді әдісін қолдану барысында вакцинация – екпелер жасалуда. Иммунопрофилактиканың мүмкіндіктері әлі де таусылған жоқ. Жыл сайын әлемде барған сайын жаңарып, жаңадан пайда болған жұқпалы ауруларға қарсы жаңа және сапасы жақсартылған вакцина түрлері ашылуда. Вакцинациялаудың негізгі мақсаты – ол адам ағзасында иммунитет пайда болу арқылы жұқпалы ауруларды қабылдауға қарсы тұру болса және соның арқасында ауруға шалдығу мен өлім – жітім санын азайтуда өте маңызы зор. Әр елдің өзінің егу күнтізбесіне сәйкес, халықты соларға қарсы егу кестесі белгіленген. Біздің мемлекетіміз де Үкіметіміздің 2009 жылғы 30 желтоқсанда « Профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесімен ережесі және халықты жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» №2295 қаулысына сәйкес жоғарыда атап көрсетілгеніндей, егу жұмыстары жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізімі мен егу күнтізбесі бекітілген. Екпе жасаудың маңыздылығын бағалауда әрбір ата – ана мен жалпы қоғамда толық түсінік болуы өте қажет. Осы жұқпалы аурулардың арнайы алдын алу шараларының бірі және бірегейі ол иммундау жұмыстарының маңыздылығын әрбір азамат білуі тиіс. Осы орайда айта кететін мәселе, 2012 жылдың тамыз айында 6 жастағы бала өте жұқпалы эпидпаратитпен ауырып тіркелді. Науқастың ата – анасы эпид паратитке қарсы екпеден бас тартқан, содан кейін екпенің маңыздылығын түсініп, басқа балаларына да екпе алуға келісім берді. Құрметті ата-аналар! Естеріңізде болсын! Қазіргі уақытта аурулардың алдын алу мен оларға қарсы күресудің негізгі әдісі вакцина егу болғандықтан, балаларынызға екпені уақытында алуға және өз елінің абзал азаматы болып өсуіне көмектесіңіздер!

 

З.К.Куштекова, Жамбыл аудандық Қоғамдық Денсаулық сақтау  басқармасының бастығы м.ғ.к.

Мираш Сатова, Жамбыл аудандық Қоғамдық Денсаулық сақтау  басқармасының эпидемиология бөлімінің бас маманы.

 

 

 

Автор:
З.К.Куштекова