Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстандағы үздік медициналық ЖОО-лар белгілі болды


2 мая 2019, 09:48 | 785 просмотров



НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылым және инновация орталықтарының рейтингісін қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2018 жылы медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттары және ғылым мен инновациялық ғылыми орталықтардың рейтингін жасаған болатын.


«Ғылыми ұйымдарды бағалаған кезде мынадай көрсеткіштер ескеріледі: ғылыми зерттеулер көлемі, халықаралық сарапшылардың мақалалары бойынша жарияланымдар саны, қазақстандық авторлар жұмыстарының сілтемелер саны, қауіпсіздік құжаттарының саны, ғылыми әзірлемелер, коммерциализациялау деңгейінде алынған нәтижелерді және оларды практикалық денсаулық сақтауда енгізіу, сондай-ақ халықаралық конференцияларға қатысу» делінген хабарламада.


Медициналық жоғары оқу орындарының рейтингісінде қызметкерлердің ғылыми қызметі бойынша бірінші орынды Ұлттық медицина университеті (бұрынғы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) иеленсе, екінші орынға Қарағанды медициналық университеті жайғасты. Ал үшінші орында - Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы.


Студенттердің ғылыми жұмыстарына сәйкес, көшбасшы - Семей медицина университеті, екінші орынға Батыс Қазақстан медицина университеті лайық деп танылды. Ал үшінші орын Қарағанды медициналық университетінің еншісінде



Автор:
https://www.inform.kz