Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

"Безгекті жеңуге дайындық»


26 апреля 2019, 04:25 | 941 просмотр


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 2007 жылдың мамыр айындағы 60-шы сессиясында бекітілген  Бүкіл әлемдік безгекке қарсы күрес күнін жыл сайын 25 сәуірде атап өтеді. Бұл күн бүкіл әлемде безгекке қарсы тиімді күресті қамтамасыз ету бойынша жаһандық күш-жігерді насихаттауға арналған.

         Алматы облысында 2019 жылы 25 сәуірде Бүкіл әлемдік безгекпен күрес күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған «Безгектен өлім жағдайының нөлдік деңгейі менен басталды» атты ұранымен өткізіледі.

         Бүкіл әлемдік безгекпен күрес күнін өткізудің мақсаты - бұл жұқпаны  жұқтыру жолдары, аурудың белгілері мен салдары, қорғану шаралар туралы халықты, студенттерді және оқушыларды хабардар ету.

Безгек (Батпақты қызба) – бұл ауру адамнан сау адамға Anopheles түріндегі безгек масаларының шағуы арқылы берілетін жіті инфекциялық ауру. Паразит тасымалдаушы науқас анадан жүктілік кезінде ұрыққа, қанды құйғанда жұқтыруы мүмкін.

         Безгек адамзатқа ежелден бері белгілі. Безгек туралы ең алғаш рет Гиппократтың жұмыстарынан білуге болады, ол осы ауруды «ылғалды климат» және «лас сумен» байланысын көрсеткен, ал Италиялық Аанцизи "безгек" атауын қолданды. Безгек қоздырғышы 1880 жылы Лаверанмен ашылды.

Безгек 32 елдерде тіркелуде Азия және Океания, Вьетнамды қосқанда, Индия, Индонезия, Ауғаныстан, Ирак, Камбоджа, ҚХР, Малайзия, Тайланд, Африканың              47-елі, Египет қосақанда, Алжир, Ангола және т.б. Осы қолайсыз елдерге шыққан азаматтардың сол елде болуының 2-ші аптасында сырқаттану қаупі бар, елге оралғаннан кейін 2 жылдан кейін.

Қазақстанның табиғи-климаттық, туризм және дем алу мақсатында халықтың интенсивті көшіп-қону ерекшеліктеріне байланысты, безгектің сырттан енуі жағдайы болғанда елімізге сырқаттың қайта оралу мүмкіндігі бар.

2018 жылы Қазақстан Республикасына әкелінген безгек ауруының  4  жағдайы Алматы қаласында, ал жылдың басынан Атырау облысында 1 жағдай тіркелді.  

Жұқпа Шығыс және Батыс Африка елдерінен әкелінген, науқастар жұмыс және демалуға барған Қазақстан азаматтары.

Безгек әрқашан аса қауіпті ауру болған және болады да, жыл сайын әлемде мыңдаған адамдар тропик және субтропикте орналасқан елдерге бару кезінде безгекті жұқтырады, сондықтанда сапарға шығудың алдында дәрігермен кеңесу қажет.

         Безгекті алдын алуы екі бағыттан тұрады: жұқпадан алдын ала сақтану,  және алдын алу.

 Алдын ала сақтану – бөлмелерге масаның кірмеуінен қорғаныс москитіне қарсы торлар орнату, бөлмелерде инсектицидтерді шашу, дененің ашық жерлеріне репелленттер жағу.

Безгекті алдын алу- дәрігердің тағайындауымен қолайсыз аймаққа барудың алдында бір апта бұрын, аймақта болған барлық мерзімде және үйге оралған соң 4-6 апта бойы безгекке қарсы дәрілік заттарды қабылдау.

Тропикалық және субтропикалық климатты елдеріне баратындардың әрқайсысына безгекті жұқтыру қаупі, безгекке қарсы препараттарды қабылдау қажеттілігі және препараттардың осы тобына қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы учаскелік дәрігермен кеңесу ұсынылады.

          Есте сақтау қажет, безгек бойынша қолайсыз елде болған кезде және елге оралғаннан кейін 3 жыл бойы температураның кез келген жоғарылауы кезінде дереу медициналық мекемеге барып, безгекке тексеру үшін "Тропикте" болғаны туралы дәрігерге хабарлау қажет.

Е.Сыдыманов, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департамент  басшысы

Автор:
Е.Сыдыманов,