Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Вакцинация маңызды,қажет-болашақ қауіпсіздігі!


26 апреля 2019, 04:23 | 1 154 просмотра


2019 жыл 24-30сәуір аралығында «Біз вакцинациялауды қолдаймыз!» ұлттық бағдарламасы аясында апталық жүргізіліп жатыр.                                                                                                        Қазақстанда жыл  сайын 5мың адамға,оның ішінде 1,5мың балаға инфекциялық ауруларға қарсы екпе жасалады.Панфилов  ауданы  бойынша  жыл сайын 20 мыңға жуық балаға екпе егіледі.                                                                            Иммунопрофилактика  саласында мемлекеттік саясат,аурудың алдын алуға, ол екпе сырттан әкелінген жағдайда оны таратпауға және жоюға бағытталған.Тұрғындарды  вакциналау, профилактикалық  жүргізілетін екпе егу күнтізбесін, оларды жүргізу ережесін және халыққа  жоспарлы екпе  егілуі  туралы  ҚР Үкіметінің 2009ж.30.12, № 2295 Қаулысы бойынша Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес  21 инфекцияға  қарсы жүргізіледі.Біздің ауданымызда 41 екпе егу мүмкіндіктері бар. Екпелердің бекітілген жалпы күнтізбесі бар, бірақ   әр-бір бала жеке қаралады, екпе салар алдында әр  бала міндетті түрде тексеріледі. Әрқашан екпелердің варианттары бар және  бала денсаулық жағдайына сәйкес жеке егіледі.Екпелер-бұл жұқпалы аурулардан сақтанудың жалғыз сенімді жолы. Біздің балаларымыздың  да қорғалуға құқығы мен мүмкіндігі бар.Екпе егу пункттері қажетті медициналық талаптар бойынша жұмыстар жүргізіледі және қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған.Ауданымыз шекара аймағында орналасқандықтан ,ауданға сырттан келушілер саны өте көп.Сондықтан күнделікті жұқпалы аурулардың сырттан енуінің қаупі де зор.                                                                                                    Вакцинация-бұл балаларды және ересектерді жұқпалы аурулардың алдын  алудың ең жоғары, тиімді тәсілі. Жалпы вакцинацияны тәжірбиеге енгізудің нәтижесі сырқаттанушылықтың пайда болу жиілгінің төмендеуіне әкелді.Мемлекеттік вакцинация бойынша саясат екпені қолжетімді дәрежеге дейін жеткізді. Әр-бір бала күнтізбеге енгізілген екпелермен жергілікті мекен-жайлары бойынша емханада, ақысыз түрде егіле алады. Бүгінгі күні  екпеден бас тартушылар саны көбеюде. Неліктен ата-аналар балаларын ектіртуден бас тарта бастаған? Себебі, бізде ұзақ уақыттан бері дифтерия, туберкулез, полиомиелит, көкжөтел жұқпаларының эпидемиясы туралы ешкім естіген жоқ. Адамдар аталған жұқпалы аурулардан қорықпайтын болған, сондықтан да екпеден батыл бас тартады. Ешкім сырқаттанбайды деп ойлайды.Екпеден бас тартқан ата- аналардың көбі  жиі ғаламтордағы ақпараттарға сүйенеді. Бірақ ол жерде арнайы мамандардың пікірлері жиі айтылмайды. Ғаламтор жүйесі бақылаусыз және жауапсыз ақпараттрамен толтырылған оны ешкім тексермейді, ал адамдар сенгіш болып келеді. Екпе  енгізу  қауіпті  деген сөз, дәйексіз және негізсіз.                                                                                                                                           Ата-аналар үшін: Екпе салар алдында бала жұқпалы аурулармен ауыратын адамдармен байланыспауы қажет. Тағамдық аллергиясы болған жағдайда, диета сақтаған жөн және ас үлесіне жаңа азық-түліктерді қоспау керек. Бұл рәсімді инъекциядан кейін 5-7 күн ішінде сақтау қажет.

Екпе салынған күні далада серуендеуді, басқа балалармен байланысуды шектетіп, баланы түнге қарай шомылдырмауға кеңес беріледі.                                                                                                                                              Екпеден кейін балаға ата-анасы тарапынан үлкен көңіл бөлінуі керек.Екпеден кейін балада шұғыл әсерлер пайда болған  жағдайда, балаға медициналық бақылауды  қамтамасыз ету үшін ата-аналарына баласымен бірге екпе салынған кабинеттің алдында 30 минут көлемінде отыру қажет. Көп жағдайларда, вакцинадан кейін ине салынған жерді ауырту немесе аздап дене қызуының  көтерілуі сияқты уақытша және жеңіл әсерлер болуы мүмкін. Күрделі жанама әсерлер өте сирек кездеседі және мұқият қадағаланады. Мысалы, полиомиелит салдарынан ауру өршіп паралич  тудыруы мүмкін, ал қызылша энцефалитке және соқырлыққа әкелуі мүмкін, ал вакцинамен қайтарылмайтын кейбір аурулар өлімге де әкелуі мүмкін.                                                                                    Ата-аналар, балаларыңызды  уақытылы  егуден бас тартпаңыздар, өздеріңіз де егіліңіздер.

Тек профилактикалық  егулер ғана Сізді  инфекциялық аурулардан сақтай алады

Автор:
Гульмира Оразбақова, СӨС бөлмесі валеолог ШЖҚ«Панфилов аудандық орталық ауруханасы» МКК