Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Балаларды жарақаттанудан сақтайық!


26 апреля 2019, 04:22 | 1 312 просмотров


Қазіргі таңда балалар арасында жарақатының алдын алу маңызды медициналық-әлеуметтік мәселеге айналып  отыр. Өкінішке орай баланың жарақат алуы күрделі салдарларға, кейде өлімге әкеледі. Бала кезінде алған жарақат, ағзаның тұрақты функциялық бұзылуының себептеріне әкелуі мүмкін. Бала күнгі сынықтар аяқтардың қисаюы мен қысқарып кетуіне әкеліп соғады. Күйіктен қалған тыртықтардың  буындарды тартып, олардың қозғалғыштығын шектеуіне әкеліп соғады.Бала кезде құлау,соққы алу салдарынан болған ми шайқалғаннан кейін зақымданушылар көптеген жылдар бойы бас ауруы, ұйқысыздық, жадының нашарлығы, ойын жинақталудың қиындығына көптеен пациенттер шағымданады.

Бала кезде жиі кездесетін жарақат  түрлері тұрмыстық жағдаймен сипатталады: құлау, жаралану, күю, улану, өткір, кесетін заттармен жарақаттану, тыныс жолдарына әртүрлі ұсақ заттардың түсуі.

Отбасында  сәби пайда болғанда, ата-ана және өзге отбасы  мүшелері  өздерінің қылықтарын өзгертіп,жауапкершілікті арттыруы  керек болады. Себебі, сәбиге қарау кезінде қырағылықты жоғалтып алғанда трагедиялық жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы: ашық қалған терезе мен балконның есіктері, түрлі-түсті таблеткалар мен ашық түсті жапсырмалар балалардың назарын тартады, жиналмаған дәрілер сәбидің улануына әкеледі, тоқ көздерінің қол жетімді болуы, ас үйдегі ыстық заттардың маңына баланы жақындату өте қауіпті болады. Өкінішке орай,кішкентай балалар үлкендердің кінәсінан жиі жарақат алып жатады.

Бір жасқа дейінгі балалар арасында арбадан, төсектен, диваннан, үстелден құлаудан болған жарақаттар немесе баланың үстіне жоғарыда  тұрған теледидар,люстра,сөре құлап кетуінен зақым алады. Өздігінен жүретін жастағы балалар жоғарыдан – биіктік ағаштан,шатырдан, баспалдақтан немесе ашық тұрған су құбырларына,құдыққа,кәрізге құлаған жағдайлар кездеседі. Нәтижесінде мұндай құлаулардан тек жарақат алудан басқа, одан да күрделі зақымданулар -  сүйектердің сынуы, мидың шайқалуы, тіндердің, ішкі мүшелердің жыртылуы т.б пайда болады,мүгедектікке алып келеді.

Мектеп жасындағы балаларда әртүрді спорттық құралдарды қолдануда қауіпсіздік техникасын  сақтамау  салдарынан,жарақат алады,кейбір жағдайда мүгедектік немесе өлімге душар болып қалады. Мысалы.2018жылы Республика көлемінде футбол қақпасына секіріп,турникке тартылғандай тартыламын дегенде мектеп оқушыларын қақпаның астында қалып, бірнеше  бала жарақат алса, бір бала қайтыс болған.

Ең жиі кездесетін жарақат түрлерінің бірі –күйік.Баланың күю себептері: пештің, үстел немесе еденнің шетіне қойған сұйықтардан болуы мүмкін. Баланы суға түсіргенде немесе шүмектен жуындыра бастағанда су температурасын тексермегенде болуы мүмкін. Бала су температурасы 40-60оС аспайтын грелканы пайдаланғанда күйіп қалуы мүмкін екенін ересектер ескеруі керек.

Кішкентай баланы дұрыс қарамағандықтан әйнекпен, шығып тұрған таяқ, шегемен қолын жарақаттап алудан басқа, қандай да бір улы өсімдікті, жидекті, саңырауқұлақты жеп қоюы мүмкін.Мұндай жарақат түрлері серуендеу кезінде немесе  табиғат аясында демалуға шыққанда жиі кездеседі.

Ересектердің жолда жүру ережесін сақтамауынан жол көлік оқиғаларында балалар жарақат алады.Әсіресе мектеп жасындағы балалар арассында бұл жарақат түрі жиі кездеседі.5 жасқа дейіні балалар көше-көлік жарақатымен аз зақымданады.

Балалар жарақатының  профилактикасы мақсатында отбасында ересектертер  балаға  ерте жастан бастап мінез-құлқы мен даму ерекшелігін ескере отырып, жарақатттың алдын алу туралы түсіндіріп, әңгімелесіп  отыруы керек.

Сәбилердің ерекшелігі қоршаған ортаны өзі танып білгісі келеді, көп қозғалады. Сонымен қатар 1-3 жаста  жүріс, жүгіру, жалау қимыл дағдылары қалыптасып жатады. Сол себепті балаларда болатын зақымдану мен жарақаттар, қарапайым қимыл дағдыларының жеткіліксіз дамуымен байланысты, қоршаған жағдайды бағдарлай алмауынан пайда болады.

Өздерінің жастарына қарамастан балалар ересектердің көмегінсіз өзінің қажеттіліктерін өз бетімен қанағаттандыруға әрекет етеді.Ол баланың физиологиялықжәне психологиялық  дамумен байланысты. Алайда, қоршаған орта туралы білімнің жоқтығы, оқыс жарақатқа әкеліп соғады.Сәби   жеке тәжірибесі әлі де толық игере алмаған әрекеттерді орындай бастайды, қызығушылығы оянады,дыбысқа,түске,әртүрлі жағдайларға өзінше жауап беруге тырысады сол кезде ересек  адам жанынан табылуы, жарақаттың  алдын алады.Ата-аналар балаларында қауіпсіз қылық дағдылары, жарақаттан сақтану дағдыларын ертерек қалыптастыра бастауы керек. Тәрбиенің ең жақсы түрі ойынмен, денсаулық сабақтарымен қалыптасады. Балаға екі жастан бастап  өткір және кесетін заттарды, ыстық сұйық, тамақ, ыдыстарды пайдалану ережелерін пайдалану дағдысына үйретуге болады. Көшеде серуендеу кезінде жолда жүру ережелерін балаға үйрету қолайлы. Сонымен қатар сурет, кітап, анимациялықфильмдер пайдалана отырып,балаға  қауіпсіздік ережелерін қалыптастыра аламыз.

Жарақаттардың алдын алуда баланың физикалық даму деңгейінің маңызды. Физикалық жағынан жақсы дамыған балалар епті келеді, қимылдары шапшаң,ондай балаларда жарақат сирек кездеседі. Жарақаттың алдын алудың бірден бір шарасы, дене жаттығуларымен айналысу, қозғалмалы ойындар, спорттық іс-шараларға қатыстыру.

Бала жарақат алған кезеңде ересектер жарақатын аяқ астынан болған бақытсыздық жағдай, ешкім кінәлі емес дегенді алға тартып,өздеріне ыңғайлы пікірде болады. Сөйтіп ересек адамдар өздерінің балаға дұрыс қарамау жауапкершілігін алып тастайды. Балалар жарақаты, әсіресе ерте жастағы, көп жағдайда ата-аналардың дұрыс қарамауынан болады.

Ата-аналар балаларға жарақаттан қауіпсіз орта жасай білуі тиіс. Үйде жиһаздардың орналастыру кезінде,тоқ көздерін бекіту кезінде  сәбиді ескеру керек. Балалар серуендейтін алаңды таза ұстау, ол жерде сынық әйнектер, шеге, тақтай, жәшіктер болмауын қадағалап отыруы тиіс. Жаз айларында суға шомылу кезінде мүқият қарап, табиғатқа шыққанда  улы өсімдік, жидек және саңырауқұлақтармен уланудан,ит тістеу,кене шағудан сақтану керек.

Дәрігер ретінде балалар арасындағы жарақаттың алдын алу үшін көшеде, көлікте және үйдегі ата-аналардың жеке қылықтары өте маңызды екенін ескерткім келеді.

Автор:
Дана Таждинова, дәрігер валеологы Қарасай аудандық орталық ауруханасы.