Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Қауіпсіз өмір!»


26 апреля 2019, 04:20 | 2 420 просмотров



2019 жылдың 1-30 сәуір аралығында жарақаттың алдын алу бойынша «Қауіпсіз өмір!» ұлттық бағдарламасының шеңберінде айлық өтті.

Бағдарламаның негізгі мақсаты: өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның ішінде өрт қаупі бар, химиялық, тез тұтанатын, улы заттармен, электр жабдықтарымен, аула және спорт ғимараттарымен жұмыс істеу ережелерін сақтау, жылдамдық режимін, жол қозғалысы ережелерін сақтау, жарақаттанудың алдын алу мақсатында мінез-құлық факторларының алдын алу (құлау, сыну, құлау, күйік, электр жарақаттары, суға бату, үсу, улану, жануарлар мен жәндіктердің шағуы т.б.) болып табылады.

Жарақаттанудың (тұрмыстық және жол-көлік) алдын алу жөніндегі бағдарламаның негізгі міндеті: халықтың өмірін нығайту және сақтау, жауапкершілікті күшейту және өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын дарыту, жарақаттану проблемасына қоғамның назарын аудару, жарақаттанудың барлық түрлерінің алдын алу шаралары туралы халықты хабардар ету болып табылады.

Осы айлыққа орай Жамбыл ауданында жарақаттанудың алдын алу тақырыбында мектептерде оқушылармен ашық сабақтар, спорттық шаралар, дәрістер, әңгімелер және ата- аналар арасында  түсіндіру жұмыстары жүргізілді. СӨС кабинетінің мамандарының қатысуымен «Айгөлек» балабақшасында өрт қауіпсіздігі бойынша балаларға арналған «Ормандағы өрт» ертегісін тәрбиеші Қаһарман Динара Темірханқызының  мектепке даярлық тобының балалары көрсетті. Ұзынағаш атындағы орта мектебінде 5 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мамбетқұл Тлеулестің ұйымдастыруымен  «Қауіпсіз өмір!»-ұранымен спорттық эстафетадан жарыс өтті.

Автор:
А.К.Сатова, СӨС валеологі Жамбыл аудандық ауруханасы.