Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Міндетті медициналық сақтандыру.


26 апреля 2019, 04:13 | 796 просмотров


1 қаңтардан бастап салық органдарында тіркеудің жеңілдетілген тәртібін көздейтін жаңа құқықтық режімді, яғни Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізді.


Оның сөзіне қарағанда, Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер үшін кіріс салығы және әлеуметтік төлемдер бойынша ең төмен ставкалар республикалық маңызы бар қалаларда, Астанада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш (2 525 теңге), басқа елді мекендерде - 0,5 АЕК/1262тенге 50тиын/ деңгейінде белгіленді. Бірыңғай жиынтық төлемнің үлесі: жеке табыс салығы - 10 пайызды; - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар - 20 пайызды; Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдері - 30 пайызды; Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар 40  пайызды құрайды.

БЖТ-ны енгізу бейресми жұмыспен қамтылғандарға Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға және медициналық мекемелерді таңдау құқығымен сомасы мен түрлері шектелмеген медициналық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және жүйеге қатысу өтіліне қарай базалық зейнетақы төлемін алуға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер алуға жағдай жасайды.


МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек ала алады?

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек амбулаториялық тегін қамтамасыз етіледі және күндізгі күтім, профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, жүктілік кезеңін бақылау, медициналық манипуляция, т.б. кіреді
  • Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек, оның ішіне профилактика, диагностика, арнайы техниканы және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін аурулар емдеу кіреді
  • Жедел медициналық жәрдем жедел медициналық араласуды талап ететін жағдайларда (апаттар, жарақат, улану, кенеттен пай да болған қатты ауру) медициналық ұйымдарды тыс шұғыл немесе төтенше түрінде қарастырылған амбулаториялық немесе стационарлық көмек
  • Жоспарланған медициналық көмек науқастың өмірін қауіп төндірмейтін, аурулар мен жағдайлары үшін ауруханада қарастырылған
  • Дәрі-дәрмек қамтамасыз ету - амбулаторлық медициналық көмек көрсету кезінде
  • Медбике күтімі – ауру нәтижесінде тұрақты үй көмекгіне мұқтаж болған немесе өздері қамқорлық жасай алмайтын тұлғаларға көмек көрсету
  • Паллиативтік - жазылмайтын, өміріне қауіп төндіретін аурулар және ауру адамға жайлылықтың ықтимал деңгейде жатқан ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету.

 Профилактикалық егу МӘМС шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету қандай болмақ? Амбулаториялық-емханалық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, дәрілердің бекітілген тізбесіне сәйкес, рецепт негізінде тегін жүзеге асырылатын болады.

Автор:
К.А. Умиралиева, Карасу ДА меңгерушісі және СӨСҚ кабинеті Жамбыл ауданы