Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: ГКП на ПХВ "Талдыкорганская городская поликлиника

«Алдын ал, сақтан, егіл!» ұранымен кең көлемде акция өткізді


24 апреля 2019, 09:27 | 1 173 просмотра



2019 жылдың 24 сәуір күні, №1 Талдықорған қалалық емханасы, №2 Талдықорған қалалық емханасы және Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бірлесе отырып, Бүкіләлемдік иммундау күніне арналған «Алдын ал, сақтан, егіл!» ұранымен кең көлемде акция өткізді. Шараның негізгі мақсаты – аза­мат­тардың жасына және егі­луге тиісті екпелер түріне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы жоспарлы алдын ала егу шараларымен қамту. Акция қала тұрғындарының қатысуымен өткізілді. Шара аясында халыққа МӘМС(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, ақпарат көздері таратылды. Және де "Авиценна"медициналық колледжі флешмоб ұйымдастырып, ән шашуларын тарту етті. Шара соңында студенттер алгыс хаттармен марапатталды. Шара жоспар бойынша өткізілді.