Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Оқытушы-білімгер-ата-ана қауымдастығының ынтымақтастық үштік одағы»


22 апреля 2019, 03:44 | 1 207 просмотров



2019 жылдың 19 сәуір күні, Талдықорған жоғары медициналық колледжі мамандарының ұйымдастыруымен «Оқытушы-білімгер-ата-ана қауымдастығының ынтымақтастық үштік одағы» атты колледжішілік ата-аналарға арналған семинар өткізілді. Шараның мақсаты: колледжбен ата-ана, оқытушы мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, ата-аналарды колледж өміріне араластыру, адам өміріндегі баланың рөлін түсіндіру, балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. Шара №1 Талдықорған қалалық емханасы мамандары, «Ана-үйі» қоғамдық қорының психологы және Облыстық ата-аналар комитетінің төрайымының қатысуымен өткізілді. Шара барысында №1 Талдықорған қалалық емханасының психолог маманы Д.А.Жендікова стресстің алдын алу бойынша түсіндіріп өтіп, ақпараттық үндеу қағаздарын таратты.

Автор:
ГКП на ПХВ "Талдыкорганская городская поликлиника" номер 1