Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет


19 апреля 2019, 04:52 | 786 просмотров


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 217 бұйрығына бекітілген «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сейкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық – эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Сіздердің жаңа тауар немесе қызмет түрлерін нарыққа шығармастан бұрын қорытынды алу керек екендігін ескертеміз.  

Сондықтан да Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін Талдықорған қаласы, Абай көшесі, № 274 мекен – жайында орналасқан Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына объектінің халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық – эпидемиологиялық қорытынды алу үшін жүгінуіңіз керек. Сонымен қатар порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

Өтінішті қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру және консультациялық орталық 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:00-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті берушіге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш санитариялық – эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары жүргізілген сынақтар (зерттеулер) хаттамалары;
  2. Порталға: Көрсетінген қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі –ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

Санитариялық – эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары жүргізілген сынақтар (зерттеулер) хаттамаларының электрондық көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

 

Е.Асимкулов,

    «Талдықорған қалалық қоғамдық

    денсаулық сақтау басқармасы» РММ

    басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы

    «Тазалық» БПҰ мүшесі                

Автор:
Е.Асимкулов, «Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы»