Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

СҚО-да үш генетика орталығы ашылады


17 апреля 2019, 05:35 | 1 433 просмотра



ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да мал шаруашылығын дамыту үшін үш генетика орталығын ашу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімдігінің отырысында 2019 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындылары шығарылды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық бағыттар бойынша өсім бар, экономикада - 106,3%, ауыл шаруашылығында өсім - 3,1%. Облыс әкімі "өнімді қайта өңдеуге басымдық береміз" дейді. «Біз ет өндірісі көлемін 58 мың тоннаға дейін жеткізуіміз керек. Бізде мал шаруашылығы саласында үш генетика орталығы ашылады. Етті қайта өңдеуді 45 пайызға дейін ұлғайту керек. Биыл 5 сүт фермасын іске қосамыз. Осының арқасында сүт өндірісінің көлемін 570 мың тоннаға жеткізе аламыз. Бидайды қайта өңдеу көлемі 600 мың тоннаға дейін ұлғаймақ», - деді Құмар Ақсақалов.


«Біз ет өндірісі көлемін 58 мың тоннаға дейін жеткізуіміз керек. Бізде мал шаруашылығы саласында үш генетика орталығы ашылады. Етті қайта өңдеуді 45 пайызға дейін ұлғайту керек. Биыл 5 сүт фермасын іске қосамыз. Осының арқасында сүт өндірісінің көлемін 570 мың тоннаға жеткізе аламыз. Бидайды қайта өңдеу көлемі 600 мың тоннаға дейін ұлғаймақ», - деді Құмар Ақсақалов.


Өндіріс 3,8 % өсті, алайда «ЗИКСТО» және  «ПЗТМ» зауыттарында мәселелер баршылық. Облыс әкімі бұл бағытта жұмысты күшейтуді тапсырды.


Жұмыстарыңыз сылбыр. Бәрі тек әңгіме деңгейінде ғана. Барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек. 2019 жылғы басты мақсат - машина жасау саласында өндіріс көлемін 30 млрд теңгеге дейін жеткізу», - деді облыс әкімі.


Құрылыс саласында қарқын жаман емес, өсім - 21,7% құрады. Инвестициялар көлемі де 11% өсіп, 30 млрд теңгені құраған. Жиынды қорытындылай келе, аймақ басшысы "барлық салаларда оң өсім тіркелу керек" деді.



Автор:
https://www.inform.kz