Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: ЗДОРОВЬЕ

Ақмоланың психдиспансерінен 2 науқас қашып кетті


16 апреля 2019, 04:05 | 1 269 просмотров



КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында емдеу мекемесінен қашып кеткен психоневрологиялық дертке шалдыққан екі науқас ұсталды, деп хабарлайды

ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметі бойынша, аудандық полиция бөліміне жергілікті медициналық мекеменің басшысы хабарласып, екі науқастың қашып кеткені туралы айтқан.  48 және 30 жастағы ер адамдар мекемеде ем алып жатқан.

Белгілі болғандай,  ер адамның бірі шизофренидің асқынған түрімен ауырса, екіншісі мүгедектігіне байланысты есепте тұрған. Полиция қашқан науқастардың туыстары мен таныстарын анықтады.

Арада бір күн өткен соң науқастардың бірі Көкшетау қаласында табылса,  екіншісі аудан орталығында ұсталды. «Анықталғандай, ер адамдар жолаушылап әкімшілік орталыққа жеткен. 

Науқастардың екеуі де өздері емделіп жатқан медициналық мекемеге жеткізілді», - деді ведомстводан. 



Автор:
https://www.inform.kz