Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: Профилактика

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру! Денсаулық баршаға!


11 апреля 2019, 09:53 | 556 просмотров



10 сәуір  күні Қарасай ауданы Шалкар ауылындағы  Шалкар  орта  мектебінде  орталық аудандық  аурухана  мен  білім  бөлімі  бірлесіп «Міндетті әлеуметтік  медициналық  сақтандыру! Денсаулық баршаға!» ұранымен акпараттық түсіндіру  іс-шарасын өткізді. Шараның  мақсаты жиналған қауымның  назарын   міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  тақырыбына  аудару  болды. Аурухана дәрігері Таждинова Дана қатысушыларға осы жүйе  туралы  пайдалы  ақпарат берді.Жастарды спротпен  айналысуға  шақырды. Мектеп директоры Қасымбекова Тазагул білім  алу үшін денсаулықтың, отбасы  мен қоғамның  оң ықпал жасайтыны туралы сөз  айтты. Іс шара барысында жоғарғы  сынып оқушылар флеш-моб билеп,көтеріңкі  көңіл күй сыйлады. Міндетті әлеуметтік-медициналық  сақтандыру  жүйесінде  әрбір отбасы  мүшесінің  өзіндік  орны  бар екендігі  ескеріле  отырып, отбасының денсаулығын  нығайту  мақсатымен отбасылық  спорттық жарыс өткізілді. Сайысқа бірнеше  отбасы  белсене  қатысып, Каримовтар отбасы 1-орынды жеңіп алды. Шараға  қатысқан ата-аналар,ұстаздар міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесі  туралы толық ақпарат  алғаны үшін ұйымдастырушаларға алғыс білдірді.қатысушыларға 120-буклет тарқатылды

Автор:
Таждинова Дана Қарасай аудандық орталық аурухана СӨСҚ дәрігері