Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Еуропалық иммундау апталығы – 2019 жыл


10 апреля 2019, 15:20 | 579 просмотров


2019ж. 24 – 30 сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Алдын алу. Қорғау. Иммундау» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі.

«Алдын алу. Қорғау. Иммундау» ұранымен өткізілетін 2019 жылғы Еуропалық иммундау апталығының мақсаты – барлық жастағы адамдарды аурулардан қорғауға жәрдемдесу, адам өмірінің барлық кезеңдерінде вакцинациялаудың пайдасы жөнінде халықты және медицина қауымын, оның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлеріне вакцинациялаудың маңыздылығы туралы хабардар ету.

Не үшін егілу қажет?

Адамзат тарихында мыңдаған, тіпті милиондаған адамдардың өмірін алып кеткен індет болғанын бәріміз білеміз. Бүтіндей қалалар әртүрлі аурулардан өлім жағдайына ұшырады, ол кез соғыстан да қорқынышты болды, себебі аурудан қашып құтылуға мүмкіндік болмады. Бірақ, бүгінгі дамыған әлемде, яғни жағдай жасалған және бір қарағанда қауіпсіз әлемде өмір сүріп жатқандықтан (себебі жойқын бұрқ ету немесе індет жағдайлары жоқ) екпенің маңыздылығын, тіпті өмірлік қажеттілігін көп адамдар түсіне бермейді. 

Біз екпенің жай ғана дәрігерлер қалағандықтан немесе жоспарды орындау қажет болғандықтан жасалмайтынын түсінуіміз қажет, себебі екпе нақты кішкентай баланы жұқпалы аурумен сырқаттанып қалу мүмкіндігінен қорғау, мүгедектіктің алдын алу үшін жасалады. Жұқпалы ауру бұл – өте қиын жағдай, ол өрт секілді, оқыстан пайда болады және оны тоқтату өте қиын. Біз егілетін жұқпалы аурулар несімен қауіпті? Қызылша – бұл жиілігі 1000 немесе 2000 сырқаттанғанға шаққанда 1 балада энцефалит пайда болады. Қызылша энцефалитінде баланың интелектуалды дамуының бұзылысы болады. Эпидемиялық паротит – бұл аурудың асқынуы әсіресе ер балаларды бедеулікке әкеледі. Күл ауруында – өлім жағдайы өте жоғары. Ол тек сарысумен емделеді, бірақ аллергиясы бар балалар үшін аталған сарысу өте қауіпті. Сондықтан ата – аналарға ойланыңыздар, оқыңыздар деп айтқымыз келеді. Тек өздеріңіздің немесе бас адамдардың теріс пікірінде қалмаңыздар. Вакцинацияның не үшін қажеттілігі және қаншалықты қауіпсіз екендігі туралы дұрыс ақпаратты қараңыздар.

Екпелер не үшін қажет?

Туа пайда болған иммунитет ауыр және жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды. Нәресте дүниеге жаңадан келгенде, балада туа пайда болған иммунитет болады. Сондай – ақ ол бірқатар инфекциялардан балаға ұрық арқылы берілген, анасының антиденесімен қорғалған. Бірақ ол иммунитет көптеген аурулардан қорғамайды және уақыт өте келе ол әлсірей бастайды. Әрине, адам дүниеге иммунитетпен келеді – ол біздің ағзамызды үнемі теріде, шырышты қабаттарда болатын шартты – патогенді микробтардан қорғайды, бірақ ауыр және жұқпалы ауруларды қабылдамайтын бірде бір нәресте жоқ. Ауруды қабылдамау тек екі жағдайда пайда болады: егер бала жұқпалы ауруды жұқтырса жұқпалы аурумен сырқаттанады немесе баланың ағзасына әлсізденген жұқпалы аурудың қоздырғышы енгізілсе, бұл жағдайда бала сырқаттанбайды, керісінше антидене қалыптасып баланың ағзасын аурудан қорғайды. Осы қағидаға вакцинация негізделген. Егер өз ағзаңыздың табиғи әсерін қолдануға мүмкіндік болса ауруханада жатып, антибиотик қабылдап, сырқаттанудың не қажеті бар? Көптеген жағдайда жұқпалы аурулардың емі тиімсіз, ал бірқатар жұқпалы аурулардың тіпті емі де жоқ. Инфекциялар көбінесе антибиотиктерге төзімді болатындықтан және оларды емдеу мүмкін болмайтындықтан, жұқпалы аурулардың алдын алудың ең сенімді жолы вакцинация болып қалады. Кейбір аурулардың арнайы емі де жоқ (вирустық инфекциялар), олардың тек алдын алуға болады (мысалы полиомиелиттің емі жоқ, екпе арқылы тек алдын алады).

 Алдын алу екпелерін жүргізген кезде кері әсер мен асқынулардың пайда болу мүмкіндігі сырқаттанғаннан да жүз есе төмен. Бірақ жасалған екпе баланы жұқпалы аурудан 100% қорғайды деген пікір – қате. Дегенмен аурулардың пайда болу қаупін айтарлықтай төмендететіні – ешбір талассыз дәйек.

         Әлем бойынша екпелер жасалады. Көптеген дамыған елдерде екпелер күнтізбесі өте күрделі, ал балада екпенің жоқтығы ата – анасының оның денсаулығына дұрыс қарамауы болып саналады. Бала өз денсаулығының қамын ойлай алмайды және «егілу немесе егілмеу?» деген сұрақтың жауабы ата – анасына байланысты, ойлап, талдау жасау, қауіп – қатерді салыстыру және өз шешіміңіздің жауапкершілігін қабылдау таңдауы өзіңізде.

2019 жылғы Еуропалық иммундау аптасының шаралары мынадай мақсаттарды іске асыруға бағытталатын болады:

- вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдардың денсаулығын ұжымдық иммунитет көмегі арқылы қорғау үшін вакциналар әрекет ететіні туралы хабардар болуды арттыру;

- жасөспірімдерге, ата-аналарған және денсаулық саласындағы мамандарға вакцинациялау пайдасына иммундау жөніндегі дәлелді ақпарат негізінде саналы таңдау жасау қажеттігі туралы еске салу және ғылыми негізделген ақпаратты тарату;

- ата-аналарды олардың отбасы мүшелерінің, өздерін қорғау үшін де, басқа адамдарды да қорғау үшін уақтылы иммундау өтудің, яғни жалпы жауапкершіліктің маңыздылығы туралы хабардар ету.

 М. Көбейсінова,        

 ҚР ҚДСК Алматы облысы ҚДС департаменті Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы                                                    

 

Автор:
М. Көбейсінова,