Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Сау болу – сәнді!»


10 апреля 2019, 15:07 | 744 просмотра



7 сәуір  Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған «Сау болу – сәнді!» Ұлттық бағдарламасына сәйкес барлық өңірлерде аталып өтуде.

Негізгі мақсаты денсаулықты сақтау мен аурулардың алдын алу және мінез-құлықтық қауіп факторлары (дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру, дене белсенділігінің деңгейін арттыру; темекі шегуден және алкогольді тұтынудан бас тарту,медициналық-санитариялық қызметтермен толық қамтамасыз ету үшін МӘМС және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) туралы халықтың хабардар болуын арттыру жөнінде ақпарат және нақты ұсыныстар беру болып табылады; нысаналы топтарды ескере отырып, кешенді ақпараттық-әдістемелік бағдарламаларды, халықтың әртүрлі қабаттарында, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарға насихаттауды, ағартуды, білім беруді әзірлеу мен енгізу.

Осы күнге орай Жамбыл ауданында Аудандық емханада «Сау болу –сәнді!»- ұранымен медицина қызметкерлер арасында флешмоб өтті. Ауылдық амбулаторияларда Ашық есік күндері өтті. «Ұзынағаш» медицина колледжінде эстафеталық жарыстар, флешмоб, сурет салудан байқау  өтті. Барлық мектептерде спортық шаралар, ашық сабақтар, салауатты үзілістер өткізілді.

Автор:
Сатова А.К. СӨСҚ валеологі Жамбыл аудандық ауруханасы