Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстандық студент «қара сабын» рецептін бизнеске айналдырмақ


8 апреля 2019, 04:32 | 2 949 просмотров



АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 24 жастағы қарағандылық студент Дәулет Ибраев қазақтың бұрынғы антисептикалық құралы - қара сабын жасаумен айналысып жатыр. Болашақ дәрігер бұл сабынның қандай қасиеті бар екенін ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.


24 жастағы студент Дәулет Ибраев Қарағанды медициналық университетінің 7-курс студенті.


Сабынды мен ойлап тапқан жоқпын. Бұл көнеден келе жатқан рецепт. Біздің ата-бабамыз осы атақты қара сабынды қайнатқан. 9 жыл бұрын осыны зерттей бастадым. Бұл - менің мектептен бастап жазып келе жатқан жобам. Бұл жұмысым облыстық ғылыми сайыста 3-орын алды. Университетке келгенде осы тақырыпты кеңінен зерттей түстім. Ұзақ уақыт бойы қалай шығарылатынын, тарихын зерттедім. Мақалаларды оқып, бірнеше рецептілерді жинап, өзім қайната бастадым», - деді Дәулет.


Бұл сабын дерматит бөртпелерін, аллергиялық бөртпелерді емдеуге қолданылады.

Псориаз, акне деген сияқты ауруларға да шипалы. Табиғи өнім болғандықтан  аллергия туғызбайды. «Бұрыннан бетіме бөртпе, акне шығатын. Қазір осы сабынды қолғаннан бастап бет терісім ылғалданып, көптеген дефектілер кетті»,-деді Дәулет Ибраев. Бұл өнім бойынша ресми медициналық дәлелдер базасы жоқ

«Әлемде мұндай сабынның баламасы бар дегенді естімедім. Әрине, сабынды қайнату негізі бір. Бірақ біздің сабын толық табиғи болып саналады. 2 компонент: малдың майы мен өсімдіктердің күлінен жасалады», - деді студент.

Дәулет сабынды үйінде қайнатады. Бұл процеске 1 күн уақыт кетеді. «Сабынның пішінін өзіміз жасаймыз. Сатумен өзім айналысамын. Қазақстанның оңтүстік батысында да қайнатады деп естідім.

Қазір бұл жобаны толық бизнеске айналдыратын ойым бар. Инвесторлардан да сұраныс түсіп отыр», - деді ол.

 

Автор:
https://www.inform.kz