Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: Ана мен бала денсаулығы

Ыстық сумен клизма: Бас дәрігер айыппұл арқалады


5 апреля 2019, 03:57 | 1 282 просмотра



Шымкентте балаға қайнаған сумен клизма жасаған бас дәрігер айыппұл арқалады. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, клизма жасаған лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылданды. «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жүргізген жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде дәрігер — инфекционистің клиникадағы қызметтерді рұқсатсыз жүргізгені және еңбек өтілі жоқ медбикенің осы процедураға қатысқаны анықталды», — деп хабарлады комиттеттегілер. Тексеріс қорытындысынан соң екі медбике жұмыстан шығарылған. Сондай-ақ, бас дәрігерге 45 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Комитеттегілердің мәліметінше, іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады. «Қазіргі уақытта баланың жағдайы аса ауыр емес, тұрақты. Балаға ректоскопия жасалды. Барлығы министрліктің бақылауында», — деп хабарлады комитеттегілер.

Автор:
http://jasqazaq.kz