Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Балаларға арналған ойыншық пен бұйымды дұрыс таңдаңыз!


4 апреля 2019, 04:43 | 1 162 просмотра


Кез келген бала ойыншық арқылы есейіп, ой-өрісін дамытады. Сол себепті де, балаларға ойыншық сатып аларда қателеспеу қажет. Бірақ ойыншықтың қауіпсіздігі мен сапасына баса мән беретіндер аз. Ойыншықтардың кейбірі балалардың денсаулығына, психологиясы мен дамуына кері әсер етеді. 

  • Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды жобалау кезінде өнім мен бұйым жобасының Техникалық регламент талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету қажет.
  • Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды жобалау кезінде өмірлік циклінің барлық кезеңінде механикалық, химиялық, радиациялық, биологиялық, электрлік, өрт қауіпсіздігімен және балалардың адамгершілік-эмоционалдық салауаттылығымен байланысты барлық қауіптерді сәйкестендіруге тиіс.
  • Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіптеріне жүргізілген бағалауды ескере отырып, өмірлік циклдің барлық кезеңінде балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпін жоюға немесе оны рұқсат етілген деңгейге дейін азайтуға (төмендетуге) арналған барлық шаралар кешені анықталуы тиіс.
  • Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды жобалау кезінде жобалау құжаттамасы әзірленуге тиіс. Жобалау құжаттамасы жобаның техникалық сипаттамасын, балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың егжей-тегжейлі сызбаларын, пайдалану сипаттамаларын, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және өзге де қажетті құжаттарды қамтиды.
  • Аса қауіпті, өте қауіпті зиянды заттар балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды дайындау үшін қолданылмауы тиіс. Ауыр металдардың концентрациясы (қорғасын, мырыш, күшән, сынап, хром, кобальт, никель), зиянды химиялық заттарды бөліп шығарулары (формальдегид, фенол, бензол, стирол, винилхлорид және т.б.) Техникалық регламентте белгіленген нормалардан аспауы тиіс

Елімізге келетін Қытай ойыншықтарының көпшілігінде ешбір құжат жоқ, сондықтан мұндай ойыншықтар көбінесе базарларда сатылады.Әрине, қаладағы үлкен дүкендерден сапалы әрі барлық құжаты бар, арнайы тексерістен өткен ойыншықтарды табуға болады. Мұндағы әрбір өнімде дайындаушы, тауар белгісі, ойыншық атауы, дайындалған күні мен өндірген мемлекеттің аты қазақша нұсқада жазылғанын да байқауға болады.

Көбінде ата-ана баласына бір сәттік қуаныш сыйлау үшін оның сапасының сын көтермейтінін біле тұра, мән бермейді. Алайда, ойыншық – ұлттық қауіпсіздіктің басты мәселесі екендігін ескерген жөн.

Автор:
Г.Абикенова, Алакөл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының м.у.а.