Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАЙ ЖАҒДАЙДА ШАЙ ІШРЕГЕН ЖӨН


17 сентября 2009, 20:29 | 2 608 просмотров


Шай ішу де - өзіндік өнер. Оны ішетін және ішпейтін кездер бар екен. Ашқарынға суық шай ішуге болмайды. Өйткені, ішке түскен соң өт пен асқазанды салқындатуы мүмкін. Жылы және ыстық шай бойға сергектік беріп, сананы сейілтеді. Керісінше суық шай бүкіл ағзаны тітіркендіреді.

Ыстық шай кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Узақ уақыт ыстық шай ішу бұл ағзалардың ауруға ұшырауына бірден-бір себепкер. Зертеу мәліметтері бойынша температурасы 62 градустан жоғаоы шай асқазанды бұзады. Шайдың температурасы 56 градустан аспауға тиіс.

Қою шайда кофейн мен теин көп болғандықтан бас ауыртып, ұйқы қашырады.

Шайды ұзақ қайнатпаңыз. Өйсеңіз шайдың фенолы, лтпоидтар мен эфирлік компоненттері өз-өзінен қышқылданады, шай тұнықтынығынан, дәмінің сапасы мен хош иісінен айырылады. Сіңімділік қасиеті де төмендейді. Ұзақ қайнатылған тұнық шайда қоршаған ортаның әсерінен түсетін микроорганизидердің мөлшері тез көбейеді.

Бірнеше рет қайнатып шай ішпеңіз. Әдетте үш-төрт рет қайнатқаннан кейін шай жапырақтарында пайдалы заттардың 50 пайызы, екінші қайнатқанда 30 пайызы, үшінші қайнатқанда 10 пайызы, төртінші қайнатқанда 1-3 пайызы ғана қалады. Егер одан әрі қайната берсеңіз, шай құрамындағы зиянды заттар шығуы мүмкін.

Тағамның алдында шай ішпеңіз. Тағамның алдында ішілген шай сілекейді қышқылдандырады. Сөйтіп, шайдың дәмін сезу қиындайды. Ас қорыту қызметінің протеинді сіңіру уақытша азаюы да ықтимал. Шайды тамақтан 20-30 минут бұрын ішкен дұрыс.

Тамақтан кейін шай ішпеңіз. Ішкіңіз келсе, 20-30 минут күткеніңіз абзал. Өткені шай құрамындағы протеин мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендетеді.

Дәріні шаймен ішуге болмайды. Өйткені шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын танинның әсерінен дәрі сіңімділігі төмендейді. Қытай халқы шай дәріні бұзады деп бекер айтпаса керек.

Кешегі шайды ішпеңіз. Бір тәулік бойы тұрған шай дәруменін жоғалтып қана қоймай, протеин мен қант көп болғандықтан бактериялар үшін таптырмайтын ортаға айналады.

Әрине, егер шай бұзылмаған болса, оны тәнге тарту арқылы емдік мақсатқа пайдаланыға әбден болады. Себебі, бір тәулік тұрған шайда қышқылдар мен фтор көбейеді. Мысалы, кешегіден қалған шайды қызылиек қабынып ауырғанда, тіл ойылғанда, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға ем ретінде қолданған пайдалы.

Кешегі шаймен көзді сүртсең қызарғаны басылады. Ал таңертең және кешке тіс тазалар алдында ауызды шаймен шайсаңыз тістің түбірін нығайтады.

Автор:
Бетті әзірлеген Тау ШҰБАР