Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖАНЫ СҰЛУ – ЖАНСҰЛУ


23 июля 2010, 11:52 | 2 186 просмотров



«Өз жұмысыма жауапты болу, науқас адаммен тіл табыса білу, дәрігердің жаз-ған дәрілерін науқас адамның уақытында және дұрыс қабылдауын қамтамасыз ету – міне, бұл менің қызметтегі ұстанымым», – дейді Текелі қалалық аурухана терапия бөлімінің медбикесі Жансұлу Пернебайқызы Ағымбаева.

Өзбекстанның Набай облысы Набай қаласында медициналық училище бітірген Жан-сұлу 1995 жылы еңбек жолын өзінің туған ауылы Үшқұдықта медбике болып бастайды.

Еліміздің егемендігінен соң-ақ ата-жұртқа көш басын түзеген жүз мыңдаған қазақтардың қатарында әке-шешесін алып Қазақстанға орал-ған ағайындылардың ішінен Жансұлудың дәм-тұзы Текеліден тартады.

Әйел бақыты деген қыры да сыры да көп, аса нәзік тақырып қой. Жүзінен әйелге тән жылылық ескен Жансұлуға бақыт туралы сұрақ қоймау мүкін емес еді.

– Қарапайым жүргізуші отбасында өмірге келген он баланың төртіншісімін. Медбике болу менің бала күнгі арманым еді. Асыл арманыма қолым жеткенін және атажұртқа келген соң да сүйген кәсібімді онан ары жалғастыра алғанымды шексіз бақыт сезінемін. «Адамның төтенше бақыты – ұдайы өзінің сүйікті ісінің қасында болу» – дейді екен ұлылардың ақылиясы. Мен өзім сүйетін ісімнің қасындамын. Мен бақыттымын! Ал бақытымның діңгегі – егемен елім. Егемен елімде есейіп келе жат-қан бауыр етім – балаларым, – деді ол жүрегінен жарылып.

2004 жылдан бері медбикелік міндетін мінсіз атқарып келе жатқан Жансұлу өзіне қатаң талап қоя білетін және жұмысынан ешбір ақау шығармайтын ерекшелігімен Ол сондай-ақ, электрокардиограмма аппаратында жұмыс жасайды. Бүгінде елімізде ғана емес, дүние жүзінде жүрек қызметінің бұзылуынан болатын аурулардың саны артып отырғанын бәріміз білеміз. Десе де, аурудың түрін анықтап, оған дер кезінде ем жасалса, жүрек ауруы сондай қорқынышты емес. Демек, бүгінгі дамыған аспаптармен өнімді жұмыс істей алатын емдеу қызметкерінің аурудың алдын алудағы еңбегі өлшеусіз. Ал Жансұлу бұл тұрғыдан да өз үлесін қосып жүр.

Әсерлі сәттері туралы: «ақ халатты жандардың ең әсерлі сәттері – қарамағымдағы науқас адамның ауруынан айығып, ауруханадан аяғын нық басып шығып бара жатқанына куә бол-ған сәті» деді бір ауыз сөзбен.

«Жансұлу» деген есімі жаны сұлулықты қажет ететін ақхалатты абзал жанға құп жарасқан Жансұлудың жұмыстан бос уақытыңда айналысатыны – гүл өсіру және гүлдерінің ортасында рахаттанып отырып кітап оқу. Нәзіктікпен өрілген асқақтық!

Жолың ашық, қолың жеңіл болсын, ақ халатты абзал жан!

Автор:
А. ЫРЫМЖАНҰЛЫ.