Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: ГКП на ПХВ "Талдыкорганская городская поликлиника

АИТВ жұқпасын емдеуден бұрын алдын алған абзал


29 марта 2019, 05:30 | 494 просмотра



Оппортунистік инфекциялардың және қайталама қатерлі ісіктердің дамуымен бірге жүретін иммун тапшылығы жетіспеушілігі синдромының (бұдан әрі - ЖИТС) қалыптасуына дейін адамның иммун жүйесінің баяу бұзылуына әкелетін ауру – АИТВ жұқпасы деп аталады.

Адамның АИТВ жұқтырғандығын қалай білуге болады?

АИТВ-ның ағзада болуын анықтау және диагноз қою тек сыртқы белгілермен ғана мүмкін емес. Қан сынағы қажет. Тестің нәтижесіне сенімді болу үшін соңғы қауіпті қатынастан кейін 3-6 айдан кейін және 12 айдан кейін қан талдауын жасау қажет. Бірақ көбінесе адамдар өздерінің денесінің сигналына мән бермейді, немесе өздерінің өміріндегі ең маңызды сынақтардың біреуін орындағысы келмейді – ол АИТВ үшін қан тапсыру.

Өмір мен денсаулықты сақтау үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

  1. АИТВ/ЖИТС туралы хабардар болу.
  2. Есірткіні қолданбау.
  3. Егер серіктестің АИТВ мәртебесі белгісіз болса, мүшеқапты пайдалану.

АИТВ-жұқпасынан сақтану суық тиюден гөрі оңайырақ. АИТВ жұқпасы дымқыл аяқтардан, балмұздақтан және суық судан пайда болмайды. Өзіңізден қорғану үшін сізге қалың нұсқауларды оқып, арнайы бетперде киюдің қажеті жоқ. АИТВ ешқашан үй шаруашылығында берілмейді, құшақтасу, сүйісу, қол алысу қауіпсіз. АИТВ жұқтырудың екі жағдайы бар: қорғалмаған секс және есірткі қолдану (стерильді емес шприцтер мен инелер).

Қазақстанда АИТВ жұқпасын емдеу тегін.

АИТВ-ны емдеу мүмкін емес, бірақ оны бақылауға болады. Адамның иммун тапшылығы вирусының бұзылуын жоғары активті антиретровирустық терапия арқылы алдын алуға болады. Антиретровирустық терапия қандағы вирустың шоғырлануын ең төменгі деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді, осылайша, қайталама аурулардың даму қаупін тежеп,  иммундық жүйенің  қалпына келуге мүмкіндік береді, осылайша ағзаның өзі аурулардың көпшілігіне қарсы шығуы мүмкін.

Препараттардың қолданғанына қарамастан, АИТВ адам ағзасында өмір бойы сақталады, дәрілер АИТВ-жұқпасынан емдемейді, бірақ олар ЖИТС-тің дамуына және өлімнің басталуына жол бермейді. Осы терапияны бастаған адам күнделікті бірнеше  дәріні және өмір бойы қолдану керек. Курсты үзу бұрынғы емдеудің барлығын жоққа шығаруы мүмкін. АИТВ-оң мәртебесі бар әйел антиретровирустық терапияны қабылдау кезінде сау бала тууы мүмкін.

АИТВ жұқпасынан қорғану жолдары:

-Ең тиімді тәсіл – анағұрлым ересек жасқа толмағанша, жыныстық қатынастардан бас тарту;

-Бір ғана жұқтырылмаған және сенімді адаммен жыныстық қатынаста болу. Өткен өмірінде жыныстық қатынасқа түсер алдында қорғанбаса, оған тексерілуден өту қажет;

Мүшеқапты үнемі және дұрыс, яғни, әрбір жыныстық қатынасқа түсер алдында қолдану қажет, сонымен қатар, ережелерді сақтап, тек сенімді адаммен ғана жыныстық қатынасқа түсу абзал;

-Жауапты іс-әрекет.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының бағалауы бойынша жыл сайын дүниежүзінде 300 миллионнан астам ЖИТС індетінің жаңа оқиғалары тіркеледі. 111 миллионы – жасөспірімдер арасында кездеседі. Дәл осы ДДҰ мәліметі бойынша ЖИТС-тен емделмегендер АИТВ жұқпасын жұқтыру қаупін 5-10 есеге дейін арттырады. 

Жыл сайын 1 желтоқсанда әлемдік қоғамдастық ЖИТС-пен күрес күнін атап өтеді. Өткен жылы Дүниежүзілік күннің тақырыбы «Өз мәртебеңді біл» болды. Бұл акциялар ақ бүкіл халықты АИТВ жұқпасының пайда болуы, алдын-алу және емдеу мәселелерімен хабардар ету деңгейін көтеру, қоғамдағы науқастарды стигматизациялау және кемсітушілікке жол бермеуге бағытталды. Қаншама адам АИТВ жұқпасының алдын алу шараларын біліп, жедел тестілеуден өтті. Жалпы, кез келген азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларда АИТВ-ға тестілеуден тегін өтуіне болады!

 

Автор:
А.Сұлтанова, Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы.