29 марта 2019, 05:24 | 658 просмотров
Ана тіліміз – халқымыздың ұлттық байлығы, Ата – бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деген, демек әр адам ана тілін қастерлеп, қорғауға тиіс. Қазір Елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп отыр. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы білімді болады. Сондықтан мен өз халқыма «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын