Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сіздің емханаңыз – бұл МӘМС-қа «кіру қақпасы».


26 марта 2019, 11:56 | 1 270 просмотров


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында, 2017 жылғы 5 сәуірден бастап облыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу акциясы болып жатын.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) дегеніміз не – бұл  денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың  мемлекеттік жүйесі,  Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және табыстарына қарамастан медициналық және дәрі-дәрмектік көмекте тең қол жетімділікке кепілдік береді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – бұл халықтың сырқаттану, жарақат алу, жүктілік пен босану, мүгедектік пен кәрілік жағдайында денсаулықты сақтауда әлеуметтік мүдделерді қорғау түрі.

Осы акцияның мақсаты – еліміздің әрбір тұрғыны сақтандыру медицинасына енбес бұрын өзі үшін емханаға тиістілігі мен өз мәртебесін белгілеп анықтау керек.

 Өзінің мәртебесін анықтаудың маңыздылығы неде? Әлеуметтік мәртебені анықтау - бұл МӘМС жүйесіне төленетін жарналар мен аударымдардың мөлшерін одан әрі анықтау және осы арқылы медициналық көмек алу үшін маңызды!

Сондықтан Сіздің емханаға тіркелуіңіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін өте маңызды. Өйткені емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне, соның ішінде, сақтандыру медицина пакеттері шеңберінде  келешекте сақтандырған азаматтарға медициналық қызметтердің көрсетілу пакеттеріне мүмкіндіктер ашылады.

Тіркелу науқаны барысында ауылымыздың әрбір тұрғыны тек қана өзінің емханаға тіркелгенін ғана тексермеуі тиіс, сондай-ақ, өзінің мәртебесін таныту және  Сіз жалдамалы жұмыскер, жеке кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтушы азамат немесе ресми табысы жоқ немесе ешқайда тіркелмеген жұмыссыз екендігін анықтау қажет.

Мұны қазір анықтаған жөн, себебі келешекте сақтандыру мәртебесін және қажетті медициналық көмек алғанда қиыншылықтар болмағандай.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қатысу шарттары, жарналар мөлшері мен төлем кестесі туралы барлық ақпаратты өз емханаңыздан  тіркеу орнына немесе өз учаскеңіздің медициналық қызметкеріне барып алуға болады.

 

Сонымен қатар, электрондық-сандық қолтаңбаңыз  (ЭСҚ)бар болған жағдайда (оны ХҚКО-нан алу қажет) өз мәртебеңізді «Электрондық үкімет» (egov.kz) порталы арқылы анықтауға мүмкіндігіңіз бар.

«Электрондық үкімет» (egov.kz) порталында іздеу нәтижесінде көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік мәртебесі туралы мағлұматтардың қайнар көзі  - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік мағлұматтар базасы болып табылады.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмекті алады?

МӘМС жүйесінде сақтандыруы бар азаматтар медициналық көмектің келесі көлем түрлерін алады – бұл – алғашқы медициналық-санитариялық көмек, бұл ауруды емдеу, диагностикалау, алдын алу және жүкітілк кезіндегі жағдайды бақылау, медициналық манипуляциялар және т.б. қосқанда, амбулаторлық жағдайларда және күндізгі стационардағы тегін көрсетілетін көмектер.

Мамандандырылған және жоғарытехнологиялық медициналық көмек арнайы тәсілдердің және күрделі медициналық технологиялардың қолдануын талап ететін аурулардың емі, диагностикасы, алдын алу енеді.

Жедел медициналық жәрдем – жедел медициналық араласуды талап ететін жағдайларда (жазатайым жағдайлар, жарақаттар, улану, оқыс жіті аурулар) амбулаторлық немесе стационарлық жағдайларда, медициналық ұйымдардан тыс жерлерде жедел және шұғыл түрде көрсетіледі.

Жоспарлы медициналық көмек  емделушінің өміріне қауіп төнбейтін жағдайларда және аурулар кезінде стационарлық жағдайда көрсетіледі.  

Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету – амбулаторлық-емханалық көмек көрсету кезінде

Мейіргерлік күтім басынан кешкен аурудың салдарынан өз-өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ, бөгде адамдардың тұрақты күтімін немесе қарауын қажет ететін адамдар.

Паллиативті көмек - емдеуге келмейтін, өміріне қауіпті және ағымы ауыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын адам үшін мүмкін болатын ең жоғары қолайлы деңгейде қолдау.

Есте сақтаған жөн! Мемлекет тегін медициналық көмектің келесі түрлеріне кепілдік береді:  

Жедел жәрдем және санитариялық авиация;

Әлеуметтік маңызы бар аурулар (онкологиялық аурулар, туберкулез, қант диабеті және т.б. ) және жедел жағдайлар кезінде  медициналық көмек.

Профилактикалық егулер.

Қалған жағдайларда медициналық көмек МӘМС шеңберінде көрсетілетін болады.

Автор:
Д.У.Ахметова, Ақсу аудандық орталық ауруханасының директордың орынбасары