Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Техникалық регламент


15 марта 2019, 11:07 | 60 просмотров


Техникалық регламент – нормативті-құқықтық акт болып саналады. Мұнда адам өмірі мен денсаулығы үшін өнімнің, процестің және қызметтің қауіпсіздігіне мемлекеттің міндетті талаптары көрсетілген. Техникалық регламент – бұл орындалуға міндетті ережеден тұратын құжат.

         Техникалық регламент – бұл техникалық заң регламентте мемлекеттің ауқымындағы шаруашылықпен айналысатын барлық субъектілерге орындауға міндетті талаптар, шарттар беріледі. Техникалық регламенттің бірнеше мақсаттары бар. Олар:

  • Өнімнің, процестің адам өмірімен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктердүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
  • Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
  • Өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алады;;
  • Саудадағы техникалық кедергілерді жояды;
  • Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады;

Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары:

1) тексеру тағайындалғанц туралы нұсқаманы және қызметтік куәлігін көрсеткен кезде Заңға сәйкес мемлекеттік бақылау жүзеге асыру үшін кедергісіз кіруге;

2) жеке және заңды тұлғалардан ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер алуға.;

3) мемлекеттік бақылау үшін:

  • Өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебіне жатқыза отырып,
  • Өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды тексерілуші тұлғалардың есебіне жатқыза отырып, өнімнің сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға;

4) егер өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын сәйкестік туралы декларацияны немесе сәйкестік сертификатын қолдану техникалық регламентте көзделсе, өнімді өткізу сатысында өнімді дайындаушылардан осындай құжаттарды немесе олардың көшірмесін көрсетуге талап етуге;

5) мынадай жағдайларда:

  • Өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмеген;
  • Сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің сәйкестік сертификаттары (сәйкестік сертификаттарының көшірмелері), сәйкестік туралы декларациялары (сәйкестік туралы декларацияларының көшірмелері) болмаған;
  • Өнімді оған құқығы болмай тұрып сәйкестік таңбасымен таңбалаған жағдайда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың бұзылу сипаты ескеріле отырып белгіленген мерзімде оның бұзылуын жою немесе өнімді өткізуге тыйым салу туралы нұсқама шығаруға;

6) өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда берілген сәйкестік туралы декларациялар мен сәйкестік сертификаттары тіркелуінің күшін тоқтата тұруға және жоюға;

7) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізуші тұлғаларды ҚР заңдарында белгіленген жауапкершілікке тартуға;

8) өнім өткізуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөніндегі комиссияларға ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен қатысуға;

9) дайын өнімнің техникалық регламенттерге сәйкес келмеуі анықталған жағдайда өнімнің өмірлік циклының кез келген сатыларында сәйкес келмеу себептерін тексеруді ұйымдастыруға;

10) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың міндеттері:

1) мемлекеттік бақылау жөніндегі іс – шаралар барысында ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасын қолдану жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізігуе, дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық реттеу саласында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер туралы хабардар етуге;

2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;

3) ҚР заңнамасында белгіленген мемлекеттік бақылау жүзеге асыру тәртібін сақтауға;

4) мемлекеттік бақылау жүргізу нәтижелерінің негізінде анықталған қиғаштықтарды жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

                                     Техникалық регламент.

- Өнімге және(немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін ҚР-ң техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.

Техникалық регламенттегі қажетті талаптар:

1) оның талаптары қолданылатын өнімнің, процестердің толық қамтылған тізбесі;

2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін өнімнің,процестердің сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиіс;

өнімнің сынамаларын (үлгілер) іріктеу және оны сынақтан өткізу ережелері,сәйкестікті растаудың ережелері мен нысандары (оның ішінде сәйкестікті растау схемалары) және терминологияға,буып-түюге,таңбалауға немесе затбелгі жапсыруға және оларды түсіру ережелеріне қойылатын талаптар болуы мүмкін.

Н. Сайболатова,  Алакөл аудандық қоғамдық   денсаулық сақтау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы.

 

Автор:
Н. Сайболатова,