Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МӘМС жүйесі


15 марта 2019, 05:05 | 875 просмотров


Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары: Аз қаражатпен МӘМС шеңберінде қызметтердің толық пакетін алу!

Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, сіз қабылдаудан бастап дәрігердің терең тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз;  

Барлығы айқын түрде болады! Сақтандырылған азамат жеке электрондық денсаулық сақтау жүйесіндегі жеке кабинеті арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердің, денсаулық жағдайын, ақылы жарналары туралы барлық ақпаратты көре алады.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек ала алады?

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек амбулаториялық тегін қамтамасыз етіледі және күндізгі күтім, профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, жүктілік кезеңін бақылау, медициналық манипуляция, т.б. кіреді
  • Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек, оның ішіне профилактика, диагностика, арнайы техниканы және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін аурулар емдеу кіреді
  • Жедел медициналық жәрдем жедел медициналық араласуды талап ететін жағдайларда (апаттар, жарақат, улану, кенеттен пай да болған қатты ауру) медициналық ұйымдарды тыс шұғыл немесе төтенше түрінде қарастырылған амбулаториялық немесе стационарлық көмек
  • Жоспарланған медициналық көмек науқастың өмірін қауіп төндірмейтін, аурулар мен жағдайлары үшін ауруханада қарастырылған
  • Дәрі-дәрмек қамтамасыз ету - амбулаторлық медициналық көмек көрсету кезінде
  • Медбике күтімі – ауру нәтижесінде тұрақты үй көмекгіне мұқтаж болған немесе өздері қамқорлық жасай алмайтын тұлғаларға көмек көрсету
  • Паллиативтік - жазылмайтын, өміріне қауіп төндіретін аурулар және ауру адамға жайлылықтың ықтимал деңгейде жатқан ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету.

 Есте сақтаңыз! Мемлекеттік тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді: жедел жәрдем және санитариялық авиация; әлеуметтік маңызы бар ауруларға медицианлық көмек (онкологиялық аурулар, туберкулез, диабет және т.б.) және төтенше жағдайларда .

 Профилактикалық егу МӘМС шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету қандай болмақ? Амбулаториялық-емханалық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, дәрілердің бекітілген тізбесіне сәйкес, рецепт негізінде тегін жүзеге асырылатын болады. Дәрімен қамту тізімі 47 ауруларды қамтиды. Стационарлық дәрімен қамту бекітілген дәрі формулярларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Автор:
Р.М.Сатыбалдиева, Шиен ДА меңгерушісі СӨСҚ кабинеті Жамбыл аудандық аурухана.