Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Полиомиелит.


15 марта 2019, 11:03 | 86 просмотров


Полиомиелит – балалар мен жасөспірімдер  арасында кездесетін      жұқпалы ауру. Жұқпа біріші кезекте орталық  жүйке жүйесін  және жұлын ми сұйықтығын зақымдап, салдануға (паралич) әкеліп соқтырады. Салдану түрі мидың функционалдық құрылымдарының қайтып қалпына келмейтіндей зақымдалуымен, яғни мүгедектікпен, тіпті өлім жағдайымен аяқталады.

Аурудың клиникалық көрінісі дене қызуының көтерілуі, іштің өтуі, ауырсыну, тыныс мүшелерінің қабынуымен сипатталады. Белі ауырып, аяқтары тартылады,  5-7 күннен кейін бір жақты және екі жақты паралич байқалып,  жұтыну қабілеті бұзылып,  қан қысымы көтеріліп, ентігу  пайда болады.                                                                                                                              

Жұқпа көзі барлық клиникалық белгілерімен ауыратын адам және дені сау тасымалдаушы. Аурудың ұзақтығы 3 күннен 1 айға дейін созылады. Қоздырғышы ауа-тамшы жолдары арқылы беріледі. Сондай-ақ жұқпа науқас адамнан тұрмыстық қатынас арқылы таралады (жуылмаған қол, орамал, киім, төсек т.б).

 Полиомиелит ауруына шалдығу көбіне жаз-күз айларында тіркеледі.  Сырқаттанушылықтың тіркелу және өсіуінің себебі, табиғи аппаттарының салдарынан болған  су және канализация  құбырларының  істен шығуы,  санитарлық – гигиеналық қағидаларды сақтамағандықтан. Ауруға негізінен 10 жасқа дейінгі балалар шалдығады, олардың 60-80 пайызын 4 жасқа дейінгі балалар құрайды.

            20-шы ғасырдың басында әлемнің көптеген аймақтарында ауруға мыңдаған, он мыңдаған адамдар шалдықты. 10% дейін өлім жағдайымен аяқталса, мүгедектікке 40% жетті. Бірақ 1960 жылдары полиомиелит жұқпасына қарсы жаппай иммундық алдын-алу шаралары жүргізілгенде эпидемиялық жағдайды түбегейлі өзгертті. Әлеуметтік жағдайы жақсы экономикалық дамыған елдердің басым көпшілігінде полиомиелит ауруы мүлдем жойылған. Балаларды полиомиелитке қарсы жоспарлы иммундау политикасының нәтижесінде республикамызда, сондай-ақ, облысымызда талай жылдар бойы бұл ауру тіокелген жоқ және ҚР аумағы Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау мекемесімен (БЭДСМ) полиомиелиттен бос аймақ ретінде куәліктендірілген.  

            Аурудың алдын-алудың ең тиімді шарасы бұл – вакцинация. Полиомиелит ауруына қарсы ауызға тамызатын тірі вакцина қолданылады. 2009ж. 30.12. № 2295 Үкіметтің қаулысында алдын алу егулерді жүргізу мерзімдері бекітілген. Полиомилитке қарсы  балалардың екпесі  2,3,4 және 12-15 аралық айларында емдеу мекемелерінде салынады.

Құрметті ата-аналар балаңызды уақытылы ауруға қарсы ектіріп жұқпалы аурулардың алдын-алғаныңыз жөн

З.К.Куштекова, Жамбыл аудандық  тұтынушылардың Құқығын қорғау басқарма  басшысы м.ғ.к..

М.А.Сатова, Жамбыл аудандық тұтынушылардың Құқығын қорғау басқармасының эпидемиология бөлімінің бас маманы.

                                  

 

Автор:
З.К.Куштекова,