Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Семіздік, және оның алдын – алу шаралары.


15 марта 2019, 11:02 | 33 просмотра


 Семіздік – ағзада май тіндерінің шамадан тыс жиналуымен сипатталатын созылмалы рецедивті ауру. Бұл жағдай ауру алды немесе ауру ретінде саналады. Семіздік энергияның оң балансымен байланысты. Семіздік кезінде ІІ типті қант диабетінің, жүрек-қантамыр ауруларының, онкологиялық аурулардың даму қаупі жоғарылайды.

         Семіздік ең көп таралған және ары қарай өсу тенденциясы бар ауруға жатады. Ерекше үрейді семіздіктің ерте балалық шақта және жас өспірімдер арасында таралуы шақырады. Семіздік, атересклероз, гипертониялық ауру, қант диабеті сияқты аурулардың қауіп факторы болып табылады.Әр-түрлі мемлекеттерде жүргізілген көптеген зерттеулердің нәтижесіне байланысты, семіздікті маңызды медико-әлеуметтік мәселе ретінде қарайды. Семіздік – дене салмағының өсуімен, дененің әр жерінде май жиналуымен жүретін  май  алмасуының бұзылуымен кейіннен асқынуға алып келетін қиын созылмалы бұзылыс. Семіздік тек косметикалық ақау емес. Ең алдымен бұл ауру. Кез келген ауру түрлері сияқты семіздіктен туындаған асқынушылықтарды жойғаннан гөрі алдын алу оңайырақ.

         Теориялық жағынан, кез келген адам семіздікке ұшырайды. Бірақ семіздікке шалдығу қаупі жоғары және басқаларға қарағанда ауыр өтетін адамдар тобы бар.  Олардың ішінде:

   - тұқым қуалаушылық жолымен берілуі мүмкін ата-анасының, туыстарының  

    біреуі немесе екеуі де дене салмағының жоғарылауымен зардап шегетін          адамдар;

   -  аз қозғалысты өмір сүру салтын ұстанатындар;

   - тез дайын болатын өнімдерді шамадан тыс қабылдау яғни( фаст-фудтар,тез әзірленетін кеспелер,гамбургер,донер және т.б.)

   - эндокриндік жүйенің, асқазан-ішек жолдарының ауруларынан зардап шегетіндер;

   - дене салмағының жоғарылауы әсерінен асқынатын аурулардан зардап шегетіндер (гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, тыныс алу жетіспеушілігі бар өкпе ауруы);

   - кәсіби немесе тұрмыстық себептерге байланысты тұрақты күйзеліске ұшырағандар;

   - белгілі бір өмірлік немесе физиологиялық кезеңдегі адамдар: жүктілік, лактация, менопауза, кәрілік;

   - семіздікке алып келетін гормондық, психотропты препараттарды, контрацептивтерді қабылдауға мәжбүр адамдар;

     Семіздікті болдырмаудың негізгі шаралары:

  • үйлесімді тамақтану;

 - алкогольді тұтынуды шектеу;

 -  дене белсенділігі;

 -   режимді қалыпқа келтіру және психоэмоционалды жағдайды жақсарту;

         Қазіргі таңда адамдар арасында семіздіктің таралуын алдын алуға мемлекет тарапынан да жұмыстар атқарылуда.

Салауатты өмір салтын насихаттауда Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен белсенді жұмыс жүргізілуде.

            Атап айтқанда:сауда-саттық орындарында «Дұрыс өнімді таңдайық» атты акциясы өткізіліп, шағын нұсқама кітапшалары таратылды. Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен қоғамдық тамақтану орындарының субъектілері арасында «фортификациялық ұн» ,«тұз және қант» өнімдерін шамадан тыс қолданбау, атты  меморандумға қол қойылды

Е.Асимкулов, «Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы «Тазалық»БПҰ мүшесі.

                                               

Автор:
Е.Асимкулов,