Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

м"Дені Сау балалар – біздің болашағымыз" ("Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасы)


15 марта 2019, 04:57 | 768 просмотров


Қоғамдық денсаулық сақтау және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту қызметін құру "Жол картасына сәйкес, ДДҰ" денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" бағдарламасы бойынша Алматы облысының Талдықорған қаласында 2019 жылы 12 наурызда №2 мектепте "Дені сау балалар - біздің болашағымыз" тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға білім беру, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп медбикелері, Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің мамандары, Нұр Отан партиясының, "Атамекен" ҰКП, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасын енгізу болып табылады.

Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер білім алушылардың денсаулығын нығайту және білім беру мекемелерінде балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ісінде жетекші буын болуы тиіс.

Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша 47 мектепте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасын енгізу жоспарланған.

Семинар барысында қатысушыларға жобаны енгізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетілді, сондай-ақ іске асыру бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Алматы облысының Денсаулық сақтау және білім басқармалары арасында жобаны жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыс туралы 3 жақты меморандум жасалды.

Семинар барысында қатысушылар арасында дене шынықтыру минуты өткізілді.

М.Исмаилов,  ҚР ДСМ  Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшының м.а.

 

Автор:
М.Исмаилов, ҚР ДСМ