Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әйел-отбасы шырағы


15 марта 2019, 10:52 | 18 просмотров



 

Әскери бөлімнің отбасы мүшелерімен жұмыс ұйымдастыру қызметінің ұйымдастыруымен жуырда бөлімге Кербұлақ ауданының аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Ақбасова, аудандық аурухананың психологі Индина Жаулина және Кербұлақ ауданының полиция бөлімінің инспекторы Арайлым Оразалиева арнайы келіп бөлім жеке құрамының отбасыларымен кездесу іс-шарасын өткізді.              Іс-шара барысында қонақтар кезекпен жеке құрам алдына шығып өз бағыттары бойынша отбасында кездесетін кикілжіңдер туралы баяндап және отбасын сақтап қалу үшін кез-келген қиыншылықтарға мойымай онымен күресу тұрғысында кеңінен айтып берді.   

           Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Ақбасова әйел азаматшаларға отбасында сабырлы болып шаңырақты шайқалтпай ұстау әйелдерге байланысты екенін айтса ауданының полиция бөлімінің инспекторы Арайлым Оразалиева әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізілетінін айтып өзімен бірге ала келген бейне роллик арнайы тақтадан көрсетілсе аудандық аурухананың психологі Индина Жаулина отбасындағы психологиялық жағдайларға тоқталып артынша қатысушылар арасынан психологиялық треннинг ұйымдастырып өткізді.

           Шара соңында бөлім жеке құрамының көпбалалы аналарына бөлім командирі атынан арнайы дайындалған алғыс хат табыс етілді.                      

                         

 

Автор:
Жанна АЛИХУЛОВА, 29108 әскери бөлімінің отбасы мүшелерімен жұмыс ұйымдастыру қызметінің төрайымы сержант