Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Улы газды анықтау датчигі


15 марта 2019, 10:50 | 19 просмотров



Жылу беру маусымы басталғаннан бері, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, Алматы облысының тұрғын үй секторында улы газбен уланудан адамдардың жарақат алу оқиғалары орын алып жатыр.

Тұрғын үй секторында улы газбен уланудан адамдардың қаза болу және жарақат алуының алдын алу мақсатында, Көксу ауданының әкімшілігімен                   24 дана улы газды анықтайтын датчиктері алынды. Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша есепте тұрған, біздің ауданымызда тұрмысы төмен көп балалы 117 отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар тұрмысы төмен 36 отбасылар және                           76 тұрмысы төмен жалғыз басты қарттар мен мүгедектер тұрады. Жалпы                   229 отбасы. Алынған датчиктер 24 үйге орнатылды. Жоғарыда көрсетілген санаттағы тұрғындарды толығымен қамту үшін, қазіргі таңда улы газды анықтау датчиктерін алуға қаражат қарастырылған.

Үйде автономдық сигнализатор немесе улы газ датчигін пайдалана отырып, улы газдан уланудың алдын алуға болады. Электрохимиялық датчиктер - сигнализаторлар анықталған улы газ, үй-жайларда ауадағы СО деңгейін үздіксіз бақылау және дыбыс және жарық сигналдарымен иісті газ деңгейінің жоғарылатылған мөлшерін анықтауға арналған. Егер үйде улы газдың мөлшері белгілі шамадан асып кетсе, датчик сигнал беріп, адам өміріне қауіпті ескертеді.

Улы газға арналған датчикті орнату адам өмірінің құнымен тең келмейді.

Адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі Көксу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің жұмысындағы басты бағыт болып табылады.

 

Автор:
Жасулан Касенов, Көксу ауданының ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты.