Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Көктем аруы -2019


15 марта 2019, 04:48 | 2 344 просмотра



Ақсу аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында 6 наурыз күні мереке қарсаңында «Көктем аруы- 2019» байқауы болып өтті. Мерекелік байқаудың басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Әділ қазы алқаларының құрамында:

Төрайымы: Нұрмағамбетова Гүлбану Қабылбекқызы-дәрігер терапевт

 Құрымбай Байқадам Болатұлы-директордың орынбасары

 Қалиханқызы Меруерт -  СӨС дәрігері

Байқауға қатысқандар:

1.Перзентхана бөлімі: Нүсіпжан Айгерім Болатқызы

2.Қабылдау бөлімі : Мухамеджанова Эльмира Муратқызы

3.Жұқпалы аурулар бөлімі: Қамысбаева Радмила Муқанқызы

4.Хирургия бөлімі: Төрехан Қымбат Берікжанқызы

5.Балалар бөлімі: Бариева Төлеужан Шормаққызы

6.Емдеу бөлімі: Шаймерденова Айдана Қажиахметқ

7.Емхана бөлімі: Ғалымова Назерке Ераділқызы

  1. Емхана бөлімі: Шуратбаева Жансая Төлеуғалиқызы
  2. Жансақтау бөлімі: Жинақова Сымбат Омарбайқызы

Байқаудың негізгі шарттары:

1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады. Берілетін уақыт - (2 мин)
2 - шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер). Берілетін уақыт - (5 мин)
3 - шарт. «Білгенге маржан» (сұрақ – жауап). Берілетін уақыт - (3 мин)
4 - шарт. «Аспаздық өнер ». Берілетін уақыт - (10-мин)

5 – шарт . «Сән үлгісі », яғни өздерінің қолдарымен жасаған көйлек. Берілетін уақыт - (5-мин).

Сайыстың қортындысы бойынша: Бас жүлдені иеленген перзентхана бөлімі: Бариева Төлеужан Шормаққызына 105 мың сертификаты табысталды.

1-орын емхана бөлімі: Ғалымова Назерке Ераділқызы

2-орын емхана бөлімі: Шуратбаева Жансая Төлеуғалиқызы

3-орын жұқпалы аурулар бөлімі: Қамысбаева Радмила Муқанқызы

Байқауға қатысқан аруларға сый-сияпаттар берілді.

Автор:
М.Қалиханқызы, Ақсу аудандық СӨС дәрігері