Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысының Көксу ауданында өрт-тактикалық оқу жаттығуы өткізілді


14 марта 2019, 16:28 | 85 просмотров



2019 жылғы наурыздың 13 жұлдызында Алматы облысы Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және Балпық би ауылының №32 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірге Балпық би ауылы, Алматы-Өскемен тас жолы бойында орналасқан ЖК «Каримова», «Сауда дүкендері және кафе «Самал» сауда кешенінде «өртті сөндіру және адамдарды құтқару» тақырыбында шартты түрде өрт-тактикалық машықтануы өткізілді.

Өрт-тактикалық машықтанудың мақсаты өрт сөндіру бөлімі жеке құрамымен  сауда орталығының әкімшілік қызмет көрсету жұмысшыларымен және де ауданның азамматтық қорғаныс қызметтерімен бірлесе отырып өрт болған жағдайдағы іс-әрекеттерін шынықтырып, әрдайым жауынгерлік дайындықта болу және жеке құрамның «Самал» сауда кешенінде ғимараттың тактика-техникалық сипаттамасымен танысып жетік білуі мақсатында                          оқу-жаттығу өткізілді.          

Іс-шара барысында «Сауда дүкендері және кафе «Самал» кешенінің қызметкерлері және сатушылармен өрттің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тақырыбында нұсқаулық өткізілді. Іс-шара соңында осы тақырыпқа байланысты 50 дана жадынамалар таратылды.

Өрт-тактикалық машықтануға ТЖБ қызметкерлері 5 адам, №32 ӨСБ жеке құрамы 15 адам, 2 арнайы көлік Камаз «АЦ-8-40» және «АЦ-7-40», Көксу ауданының әкімшілігінен 2 адам, «Көксу Су Құбыры» мекемесінен 1 Уаз автокөлігі 3 адам, «Көксу ауданының электр жүйесі» мекемесінен 1 автокөлік және 4 адам, Көксу аудандық ІІБ-нен 2 жедел автокөлігімен 4 адам, Көксу ауданының орталық ауруханасының 1 автокөлігімен жедел жәрдем көрсету қызметкерлері аталған машықтануға жұмылдырылды.

«Сауда дүкендері және кафе «Самал» кешенінде өткізілген шартты түрде Өрт-тактикалық машықтануы «Жетісу» телеарнасы журналистерімен «Құтқару қызметі» бағдарламасында жанданырылады.

Автор:
Көксу ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Абдураимов Куаныш Нұржанұлы