Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жас құтқарушы жасқтарымен - ашық есік күні өткізілді


14 марта 2019, 16:24 | 24 просмотра



Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен және Балпық би ауылындағы №32 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен, №32 ӨСБ аумағында 2019 жылдың «13» наурызында ауданның білім беру мекемелерінің жас құтқарушы жасақтарымен (№1 Б.Құндақбаева атындағы орта мектеп, Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп, №2 М.Құрманова атындағ,ы орта мектеп), барлығы «35» оқушының қатысуымен  ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күнін өткізу барысында ТЖБ қызметкерлері жас құтқарушыларға –Төтенше жағдайлар қызметі туралы және өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндірушілердің арнайы жабдықталуы туралы айтып өтті. Оқушыларға аудандағы өрт жағдайлары туралы нақты мысалдар келтіріп, өрт сөндірушілердің жұмыс жоспары толық түсіндірілді. Бөлімнің өрт сөндірушілері оқушыларға өрт сөндіру техникасын көрсетіп, өртті залалсыздандыруда және авариялық құтқару жұмыстарында қандай құрал-жабдықтар қолданылатынын, өрт жағдайы туралы қоңырау қайда түсетінін және қоңырауға қалай ұйымдасқан түрде шығатынын көрсетті. Экскурсияның мақсаты оқушыларды бала кезден бастап өртті қауіпсіз қолдану әдебіне үйрету. Осындай іс-шарадан кейін, балалар өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауда жақсы көзқараспен қарайды. Олар арнайы қызметтердің телефон нөмірлерін кідірместен айтып, ең бастысы өрт жағдайы орын алған кезде қандай іс-шара жасау керектігін біледі.

Сонымен қатар, аудандық орталық аурухана мамандарымен сыну, күйік және судағы жағдайлар кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша көрнекі іс-әрекеттер жүргізілді.

         Іс-шараның қорытындысында оқушыларға ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсу туралы нұсқаулықтар таратылып, институтты  бітіргеннен кейін өзінің болашағын Төтенше жағдайлар қызметімен байланыстырып және құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қатарын толықтыратындары айтылды.

Автор:
Көксу ауданының ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Қасенов Жасұлан Сеитжанұлы