Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Өрттердің алдын алу және өрт кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын азайту мақсатында


14 марта 2019, 16:21 | 25 просмотров



Өрттердің алдын алу және өрт кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын азайту мақсатында, тұрғын үйлерді аралау және тұрымысы төмен отбасыларға улы газды анықтау датчиктерін орнату

Бүгінгі таңда, жылу беру маусымында Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстарына қарамастан, Алматы облысының аумағында адамдардың улы газбен улану және қаза болу оқиғалары орын алуда. Улы газбен уланудың негізгі себептері бұл жылыту пештерді пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, сонымен қатар, жылыту пештердің және мұржа мен құдықтардың тазаланбауы болып табылады.

Көксу ауданының аумағында 9582 тұрғын үйлер, 59 көп пәтерлі тұрғын үйлер, соның ішінде 956 пәтер орналасқан. 2018-2019 жж. жылу беру маусымында ТЖБ қызметкерлері мен Балпық би ауылының №32 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен барлығы 8290 аула араланды.

2019 жылдың 13 наурыз күні, Көксу ауданының ТЖБ қызметкерлері мен Балпық би ауылының №32 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамын жұмылдыра отырып, Балпық би ауылының Тазабұлақ көшесінің тұрғын үйлері араланды. Тұрғын үйлерді аралау барысында тұрғындармен әңгімелесу жүргізіліп, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша «Пештерді орнату және пайдалану негізгі ережелері», «Улы газ» тақырыптарында дайындалған жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, ауылдық әкімдік мамандарымен бірігіп инженерлік құрам                    40 адамды қамтыған 1 жиын өткізілді. Камаз автокөлігінде орналасқан дауыс ұлғайтқыш құралы арқылы өрт қауіпсіздігін сақтау тақырыптарында 3 мақала оқылды.

Сонымен қатар, Тұрғын үй секторында улы газбен уланудан адамдардың қаза болу және жарақат алуының алдын алу мақсатында, Көксу ауданының әкімшілігімен 24 дана улы газды анықтайтын датчиктері алынды. Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша есепте тұрған, біздің ауданымызда тұрмысы төмен көп балалы 117 отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар тұрмысы төмен 36 отбасылар және 76 тұрмысы төмен жалғыз басты қарттар мен мүгедектер тұрады. Жалпы 229 отбасы. Алынған датчиктер 24 үйге орнатылды. Жоғарыда көрсетілген санаттағы тұрғындарды толығымен қамту үшін, қазіргі таңда улы газды анықтау датчиктерін алуға қаражат қарастырылған.

Үйде автономдық сигнализатор немесе улы газ датчигін пайдалана отырып, улы газдан уланудың алдын алуға болады. Егер үйде улы газдың мөлшері белгілі шамадан асып кетсе, датчик сигнал беріп, адам өміріне қауіпті ескертеді.

Улы газға арналған датчикті орнату адам өмірінің құнымен тең келмейді.

            Құрметті тұрғындар, Сіздердің және жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірі өз қолдарыңызда. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.

 

Автор:
Көксу ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Кумарбаев Жанат Бахытович