Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ақпарат арнасы


23 июля 2010, 11:42 | 2 106 просмотров


Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Кеңес Оспановтың қатысуымен «Денсаулық сақтау ұйымдарында В және С вирустық гепатиттерінің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» баспасөз конференциясы өтті.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында ауруханаішілік, оның ішінде медицина қызметкерлері арасындағы аурулардың алдын алу мәселесіне аса назар аударылуда.

2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 3 өлім-жітім жағдайы тіркелді. Олар науқастарға хирургиялық медициналық көмек көрсету кезінде жұқтырған.

Денсаулық сақтау ұйымдарында В және С вирустық гепатиттерін жұқтырудың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту үшін ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «В және С вирустық гепатиттерінің алдын алу жөніндегі қосымша шаралар туралы» 2010 жылғы 27 мамырдағы №11 және «Денсаулық сақтау ұйымдарында В және С вирустық гепатиттерінің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 2010 жылғы 1 шілдедегі № 12 екі қаулысы қабылданған болатын, олардың мақсаты:

- хирургиялық араласуға қатысатын медицина қызметкерлері арасында В және С вирустық гепатиттері ауруларының алдын алу және оларды ерте анықтау;

- пациенттер арасында В және С вирустық гепатиттері ауруларының алдын алу;

- ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту болып табылады.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап меншік нысанына қарамастан (мемлекеттік, жекеменшік) Қазақстан Республикасының барлық медициналық ұйымдарында В және С вирустық гепатиттерінің алдын алу жөніндегі шараларды сақтауға, оның ішінде бейініне қарамастан хирургиялық араласуға қатысатын (хирургтар, гинекологтар, офтальмологтар, педиатрлар және т.б.) медицина қызметкерлерінің, операциялық және таңу бөлімшелерінің орта және кіші медицина персоналдарының В және С гепатиттерінің маркеріне тексерілулерінің болуына тексеру жүргізілуде.

15 шілдедегі жағдай бойынша 1467 медициналық ұйым тексерілген, вирустық гепатиттердің маркеріне хирургиялық араласуға қатысатын 34787 медицина қызметкері тексерілген. В және С вирустық гепатиттерінің 626 (1,8%) таратушылары анықталған, оның ішінде В вирустық гепатиті – 329 (0,9%), С вирустық гепатиті – 280 (0,8%), В және С вирустық гепатиттері – 17 (0,04%).

В және С вирустық гепатиттері маркерлерінің таратушылығы анықталған барлық медицина қызметкерлері хирургиялық араласумен байланысты жұмыстан уақытша шеттетілді және толық тексерілуге және тегін емделуге жіберілді.

34725 медицина қызметкері В вирустық гепатитіне қарсы егулер қабылдады.

Медицина ұйымдарының басшыларына ауруханаішілік аурулардың алдын алу жөніндегі шаралардың сақталуына және «В» вирустық гепатитіне қарсы вакцинациясы және В және С вирустық гепатиттерінің маркеріне тексерілуі болған кезде ғана медицина қызметкерлерін жұмысқа қабылдауға тұрақты бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Алматы педиатрлары жедел ішек инфекцияларын емдеудің қазіргі заманғы тәсілдерін талқылауда

Алматыда HIPP компаниясының мұрындық болуымен тұңғыш рет «Түрлі ағзалар мен жүйелер қызметінің бұзылуын амбулаторлық деңгейде қалпына келтіру үшін жасы 4 айдан жоғары балаларға арналған емдік қасиеті бар қазіргі тағам өнімдері» тақырыбында қала педиатрларының ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференция жұмысына қатысып жатқан 40-тан аса педиатрлар жедел ішек инфекцияларын емдеудің қазіргі заманғы тәсілдеріне қатысты мәселелерді талқылауда.

Конференция барысында, іш өту балалардың денсаулығына қауіп келтіруі мүмкін, бұл ауру көп жағдайда балалардың ішек қызметі бұзылуының негізгі белгілерінің бірі және оның қоздырғышы ауру тудыратын микробтар, сонымен қатар, диета мен тамақтану режімінің бұзылуы себеп болып жатыр деп атап өтілді. Қатысушылардың айтуынша, Еуропада іш өту жағдайының жиілігі үш жастан төменгі балалар арасында жылына бір балаға шаққанда 0,5-тен 1,9 аралығында. Ал, Қазақстанда 2010 жылдың қаңтар айы мен мамыр айлары аралығында бес жасқа дейінгі балалардың жедел ішек инфекция ауруының 11 257 жағдайы тіркелген.

«Іш өту, диарея  кезіндегі сұйықтық және тіршілік үшін маңызды микроэлементтердің жоғалуы салдарынан болатын ішек қызметінің бұзылуы бала денсаулығына қауіп келтіруі мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанда емшек жасындағы бүлдіршіндер мен төменгі жастағы балалардың тамақтануын, оның ішінде жедел ішек инфекцияларын емдеу кезіндегі тамақтануын оңтайландыру мәселесі өзекті болып отыр. Іш өту кезінде организм жоғалтқан қажетті су мен тұзды қалпына келтірудің жалпыға бірдей әдістерімен қатар, бүгінгі таңда тиімділігі жоғары препараттар бар. Мәселен, бұл балалар тағамын өндіруші HIPP компаниясының ОРС -200 деп аталатын сәбіз бен күріш қайнатындысы», деді медицина ғылымдарының докторы, профессор Раушан Ыдырысова.

Оның айтуынша, бұл препараттағы  қажетті натрий мен калий және су, ішектің шырышты қабатын қалпына келтіріп, жойылған құнарлы заттар мен уызды толтырады. «Бұл қайнатынды Қазақстанда және әлемнің көптеген елдерінде пайдаланудың оң тәжірибесіне ие», деп атап өтті Раушан Ыдырысова.

Қазақстанға аталмыш конференцияға арнайы келген  HIPP компаниясының Бас директоры Стефан Хипп «Біздің жұмыс бағытымыздың негізгісі  балалар тағамын шығару болғандықтан, өнімдерді шығару кезінде компания тек экологиялық таза шикізат қолданады. Органикалық тыңайтқыштарды қолдану арқылы өсірілген шикізатты жүйелі пайдалану, бізді әлемдегі экологиялық таза шикізат өңдейтін ірі кәсіпорынға айналдырды және балалар тағамының «органикалық» сапасы саласында серпіліс жасауға көмектесті. Қазақстанда және Орталық Азия 12 жыл бойы табиғатпен үйлесімді жоғары сапалы өнім ұсынып келе жатқанымызға қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз сіздердің сенімдеріңізге лайықты болу. Менің ойымша, өткен жылы Қазақстанда өткен  балалар тағамы байқауында біздің компанияның бес аталым бойынша жеңімпаз атанғандын сіздердің сенімдеріңізге лайықты болғандығы деп білемін», деді ол. 

Оның айтуынша, компания Германияда нарықтың 45 пайызын,  Австрияда 70  пайызды құрайды, ал Еуропа елдерінде компания балалар тағамын өндіру бойынша көшбасшы және ол нарықтың 12 пайызына ие.